Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » 16 НАУҚАС САУЫҒЫП ШЫҚТЫ

16 НАУҚАС САУЫҒЫП ШЫҚТЫ

Коронавирус жұқтырған тағы 16 науқас сауығып,ауруханадан шықты. Дертінен сауыққандар арасында 3 жасар бала мен 84 жастағы қария да бар.

Жазылған азаматтар Түркістан және Кентау қалаларының, Ордабасы, Бәйдібек, Төлеби аудандарының тұрғындары. Барлығы да Covid-19 инфекциясын жұқтырған азаматтармен қарым-қатынаста болған.

Науқастар екі аптадан астам уақыт жұқпалы аурулар бөліміндерінде ем қабылдап, сынама қорытындылары теріс нәтиже көрсетуіне байланысты үйлеріне шығарылды. Барлығының жағдайы қанағаттанарлық,шағымдары жоқ.

Жалпы, Түркістан облысы бойынша коронавирус инфекциясынан 130 адам жазылды.

© Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір жазу