Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҚАДІР ТҮНІН ҮЙЛЕРІНДЕ ҚАРСЫ АЛАДЫ

ҚАДІР ТҮНІН ҮЙЛЕРІНДЕ ҚАРСЫ АЛАДЫ

Түркістан облысында жалпы саны 748 мешітбар. Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты ғибадат орындарында құлшылық жасау уақытша тоқтатылған болатын. Әлі де жұқпалы індеттің қаупі толық сейілген жоқ. Демек, карантин режимінің талаптарына бағынып, сақтық шараларына аса мән беру қажет. Сондықтан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қасиетті Қадір түнін үйде өткізуге үндейді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының бас имамы Мұсабек Ақтамберді мәлімдеді.

«Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы биылғы Рамазанның қасиетті Қадір кеші мамыр айының 19-нан 20-на қараған түнге сәйкес келіп, 19 мамырда еліміздегі барлық мешіттер таңғы сағат 7:00 мен кешкі 20:00 аралығында жұмыс істейтіндігін баяндаған болатын.Осы ретте барша ағайынды Қадір кешін өз үйлерінде өткізуге шақырды. Сол себепті жамағаттан тәртіпке бағынуды сұраймыз. Пайғамбарымыз (с.а.с.) хадисінде: «Кімде-кім Қадір түні иманмен және сауабын үміт етіп құлшылық етсе, оның алдыңғы күнәлары кешіріледі», – деген. Сондықтан Алланың рақымы мен мейірімі ерекше төгілетін түнді құлшылықпен өткізейік. Жаратқан Жаббар Иеміз жер бетінен жұқпалы індетті жойып, жақсылықта жүздесуді нәсіп еткей», – деді облыс имамы.

Сонымен қатар, брифингке қатысқан Түркістан облысының наиб имамы Сүлеймен Моллатілеу өңірдегі мешіттер жалпы халыққа карантин уақыты біткен соң ғана ашылатынын айтты. Әзірге еліміздегі карантин уақыты 25 мамырға дейін ұзартылған.

Айта кетерлігі, Қадір түнінде Yassi.kz сайтының Инстаграм парақшасында қала, аудандардың бас имамдары онлайн уағыз айтатын болады.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*