Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Төтенше » БҰҒАТТАУ БЕКЕТТЕРІНДЕ ТАЛАПТАР САҚТАЛҒАН

БҰҒАТТАУ БЕКЕТТЕРІНДЕ ТАЛАПТАР САҚТАЛҒАН

Шымкент қаласында карантин режиміне сәйкес, блок — бекеттер жұмысын жалғастыруда. Блок-бекеттің жұмысы туралы Шымкент қаласы Жергілікті полиция қызметі басқармасының инспекторы, полиция капитаны Төлеген Боранбаев мәлім етті.
– Елімізде 11 мамырда төтенше жағдай аяқталғанымен 25 мамырға дейін қала аумағында карантин режимі жалғасады. Осыған байланысты, Шымкент қаласына кіретін және шығатын жолдарда жалпы 18 бұғаттау бекеттерінде жұмылдырылған қызметкерлер қаланың бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес жұмыс атқаруда. Олар қызметтік планшеттермен автокөліктерді және азаматтарды тексеруде. Сергек блок — пост деректер қорында бар автокөліктер мен азаматтар кедергісіз өтуде, ал базаға тіркелмеген автокөліктер мен азаматтар кері қайтарылуда.
Сондай-ақ, қаланың тыныс — тіршілігін қамтамасыз ететін азық — түлік және қажетті заттарды тасымалдайтын жүк автокөліктері кедергісіз өтуде.
Аталған бұғаттау бекеттерінде өту тәртібі, шектеулер және талаптар сақталған. Ондағы қызметкерлер үш аусымда тәулік бойы жұмыс атқаруда, – дейді жауапты маман.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу