Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы топан су шайған Өргебас пен Фирдауси ауылдарында қабырғалары шытынаған үйлер мен қора-қопсылардың материалдарын реттеу жұмыстары басталды, деп жазады облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.

Алдағы екі-үш күнде тұрғындар жаңа үйлердің іргетастарын қалауға кіріспек. Ол үшін ескі материалдардан қалып жасау жұмыстары қыза түскен.

Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асановтың айтуынша, қазіргі таңда су басқан 5 ауылда түгендеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл іспен арнайы жұмысшы тобы айналысуда.

«Дәл қазіргі уақытта біз топан су шайған 5 ауылдағы үйлерді түгендеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Екі-үш күнде қанша үйдің бұзылғаны, қайта салынатыны белгілі болады. Сол кезде бұл туралы мәліметті жалпыға ортақ етіп, жария етеміз.Әзірге тұрғындар уақытты тиімді пайданалып, су шайған аулаларын күл-қоқыстан тазартып, құлаған үйлер мен қора-қопсыларын ретке келтіріп жатыр», – дейді Бақыт Насырханұлы.

Айта кетейік, Өргебас пен Фирдауси елдімекендерінің тұрғындары ешқайда көшірілмейді. Сондай-ақ, олар үйлерінің құрылыстарын өздері жүргізетін болады. Яғни, бұзылған үйлердің өтемақысы тұрғындарға үкіметтік резервтен кезең-кезеңімен аударылып отырады. Таяуда ғана Үкіметтік комиссия мен тұрғындардың кездесуінен кейін осындай шешім қабылданған болатын.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*