Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » СУ АРНАЛАРЫНЫҢ АЙМАҒЫ ТАЗАРТЫЛУДА

СУ АРНАЛАРЫНЫҢ АЙМАҒЫ ТАЗАРТЫЛУДА

Түркістан облысында Сырдария өзенінің бойы мен Көксарай су реттегіш қоймасының маңы алғаш рет шыбын-шіркейден тазартылуда. Су арналарының айналасы түгелдей дерлік дәріленіп жатыр. Арнайы мамандар зиянкестерге қарсы бактериялық препаратты суға құйып, жағалауына шашу әдісін қолданып улауда. Дәрілік заттардың ағын суға зияны жоқ. Бүгінде Сүткент елді мекенінен Байырқұм елді мекеніне дейін өзен жағалауы мен су қоймасының маңында орналасқан ауылдар мен демалыс аумақтарында ұзақтығы 30 шақырым жер залалсыздандырылды.

Түркістан облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналды шаруашылық басқармасының мәліметінше, атқарылған шаралардың нәтижесінде дернәсілдердің саны 80%-ға төмендеді. Ал, Сырдария өзені мен Көксарай су реттегіш қоймасынақосылу каналының бастауы толығымен тазартылған.

Зиянкестер өзен арнасына жақын орналасқан Арыс қаласы, Отырар және Шардара аудандарының тұрғындарына жылдар бойы ыңғайсыздық тудырып келген. Соңғы 3 жылда 1102 адам денелері бөртіп медицина қызметкерлеріне шағымданған. Қанатты шыбын-шіркеймен күресті мықтап қолға алған мамандар ауыл аймақтарында зиянкестердің көзін жойып, халыққа қолайлы жағдай жасауға бел буған.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу