Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Түркістан облысы Келес АПБ Кадр саясаты тобының қызметкерлері қасиетті Рамазан айында және 15 мамыр «Халықаралық отбасы күні» мерекесі күніне орай ауданның үлгілі отбасыларының бірі әрі көпбалалы ананың үйіне арнайы барып, қайырымдылық жасады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.

Отбасы мүшелерінің хал-жағдайларын біліп, сый-сыяпаттарын табыстады. Өз кезегінде, отбасының аяулы анасы Ғаникамал Ергешбаева «Полицейлерді де «Отбасы күнімен» құттықтап, жанұяларына амандық, дендеріне саулық, елімізге тыныштық» тілеп, уақыт бөліп құттықтап келгендері үшін ризашылығын білдірді.

Одан бөлек, Келестік тәртіп сақшылары Ораз ата ауылынындағы мүмкіндігі шектеулі жасөспірім қызы бар отбасына барып, оларды да мерекемен құттықтап, бірінші кезекте қажетті азық-түліктер жеткізіп берді. Сондай-ақ, Қошқар ата ауылындағы туғаннан мүмкіндігі шектеулі 2007 жылғы егіз қыздардың жанұясына барып, қолдау көрсетті. Мүмкіндігі шектеулі екі бірдей қыздары бар отбасына азық-түлік жиынтығын тапсырып, игі іс жасады. Кішкене де болса көмек алған тұрғындар, тәртіп сақшыларына алғыстарын білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі. Көпті қуанта білген полицейлер, «Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таба береді», – деп атап өтті.

Осы мақсатқа Түлкібас АПБ-нің қызметкерлері де өз үлестерін қосты. Түлкібастық тәртіп сақшылары бұл жолы кішкентайларды қуантуға асықты. Яғни, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және көпбалалы аз қамтылған 4 отбасына барып, қаржылай көмек пен азық-түліктер тарту етіп, қайырымдылық акциясын өткізді. Осындай өзгелерге үлгі боларлықтай тәрбиелік мәні бар игі шаралар полицейлер тарапынан тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Түлкібас АПБ-нің тәртіп сақшыларының айтуынша, бұндай қайырымдылық әрекеттерін жасау дәстүрге айналған. Қиналған жанға сәл де болса көмектесу – ең ізгі қасиеттердің бірі болып табылады.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу