Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Төтенше » КОРОНАВИРУСТАН ЕКІ АЙЛЫҚ СӘБИ ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ

КОРОНАВИРУСТАН ЕКІ АЙЛЫҚ СӘБИ ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ

Шымкентте короновирустан жазылып шыққан науқастардың саны екі жүзден асты, деп жазады Шымкент ақпараттық сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі.

Қалада соңғы екі тәулікте коронавирус инфекциясынан 20 науқас жазылып, ауруханада шығарылды. Дертінен сауыққандардың басым бөлігі 30 жасқа дейінгі жастар. Бұл туралы Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Қауіпті індетті жеңіп шыққандардың ішінде екі айлық сәби бар. Дәрігерлер шақалақтан коронавирус инфекциясын дер кезінде анықтаған. Нәтижесінде екі айлық қыз баласын емдеу кезінде асқынулар болмады дейді дәрігерлер.

Сондай-ақ медицина мамандары сәбидің анасы мен әкесінен де коронавирус инфекциясын анықтап, емдеу шараларын жүргізді. Екі аптаға жуық дәрігерлердің бақылауында болған отбасы мүшелерінің денсаулық жағдайы жақсарып, ауруханадан шығарылды.

Ал, қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасынан коронавирус инфекциясына шалдыққан 207 науқас дертінен айығып шықты.

Айта кетейік, бұған дейін Шымкент қалалық Полиция департаменті карантинге қатысты өзекті сауалдарға жауап бергенін жазған болатынбыз.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу