Басты бет » Қала тынысы » БИЫЛ ШЫМКЕНТЕ ҰБТ ТӨРТ ЖЕРДЕ ӨТЕДІ

БИЫЛ ШЫМКЕНТЕ ҰБТ ТӨРТ ЖЕРДЕ ӨТЕДІ

Шымкент қаласында биыл мектеп бітіруші түлектер үшін ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуге жоғары оқу орындары жанынан 4 пункт белгіленген. Бұл туралы Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева «Шымкент келбеті» газетіне берген сұхбатында мәлім етті.

– Жоғары оқу орындарының базасында орналасқан тест өткізу пунктерінде барлық материалдық жабдықтар әзірленген. Металл іздегіш құрылғылармен қоса әр аудитория талапқа сай дайындалған. Бейнебақылау орнатылады, түлектердің ата-аналары, туыстарына да арнайы орындар болады, – дейді Ж.Тәжиева.

Биыл ұлттық бірыңғай тестілеуде 11-сыныптың 4-тоқсанында өткен бағдарлама бойынша сауалдар болмайды. Өйткені, оқушылар бұл жылы карантин мен төтенше жағдайға байланысты соңғы тоқсанды қашықтан оқыды. Сондықтан осындай жеңілдік жасалып отыр. Алайда, тест тапсырудағы талап қатал. Егер оқушы білім сынағы кезінде ұялы телефон немесе түрлі көмекші құралдар пайдаланғаны дәлелденсе, жинаған ұпайы желге ұшады.

– Тестілеу маусымның 20-сы мен 5-шілде аралығында Шымкенттегі 4 пунктте өтеді. Білім сынағы дәстүрлі форматта ұйымдастырылады. Бірақ, санитарлық режим қатаң сақталуы тиіс. Түлектер бір-бірінен алшақ отыруы үшін бір мезетте аудиторияда болатын оқушылардың саны да шектеледі, — дейді қаланың бас ұстазы.

Түлектер Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырғанын растайтын сертификатты тек электронды түрде ала алады.

Айта кетейік, биыл қала мектептеріндегі 6 840 түлек ұлттық бірыңғай тестке қатысуға ниет білдірген.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*