Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛУДЕ

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛУДЕ

Шымкент қаласының Бас санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 17 мамырдағы №17 қаулысына сәйкес, коронавирус індетінің таралуына жол бермеу мақсатында қала аумағында түсіндірме жұмыстары қарқынды жүруде.

Әл-Фараби ауданын аумағында орналасқан коммерциялық нысандарының иелерімен және тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша сақтық шаралары күшейтілген.

Аталған мониторингтік топ (аудан әкімі аппараты, аудандық полиция және тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы) қызметкерлерімен коммерциялық құрылымдарға іріктеп, түсіндіру жұмыстары іске асырылып отыр. Яғни, санитарлық нормалардың сақталу барысына бақылау жүргізілуде.

Қауіпті сейілтіп, індетті өршітпеу мақсатында қолданылатын шаралар, талап етілген ережелер бойынша түсіндірме жұмыстары қаланың өзге аудандарында да жалғасуда.

Коронавирус індетінің алдын алу және кең таралып кетпеуі үшін мемлекет тарапынан барлық жағдайлар жан-жақты жасалуда. Талап етілген санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып, бірге болып, бұл қиыншылықты жеңіп шығамыз. Мұның барлығы өтпелі.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу