Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШЫМКЕНТТІК ОҚЫТУШЫ ЖАРАДЫ!

ШЫМКЕНТТІК ОҚЫТУШЫ ЖАРАДЫ!

Ағымдағы жылғы 1 сәуір мен 1 мамыр аралығында елдегі төтенше жағдай мерзімінде Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл – Қазына» ұлттық ғылыми — тәжірибелік орталығы ұйымдастырған «Қазақ тілін үйретуге арналған ең үздік подкаст» республикалық байқауы өз мәресіне жетті, деп жазады DIDARBEK.kz. Аталған республикалық байқауға 29 әдіскер — оқытушы подкаст ұсынды.

Аталған сайыста жерлесіміз, Шымкент қалалық Тілдерді дамыту әдістемелік орталығының оқытушысы Гүлнәр Есепбаева жүлделі үшінші орынға ие болды.

Айта кетерлігі, осы республикалық байқауға ұсынылған радиохабарламалар форматындағы аудиофайлдар, яғни подкасттар – тіл үйреніп жүрген азаматтарға таптырмайтын оқу материалы. Тіл үйренушілер бос уақыттарында қазақ тіліндегі ақпараттарды тыңдау арқылы тілдік ортаға бойлап, тыңдалым дағдыларын қалыптастыру мүмкіндіктеріне ие болады.

Республикалық байқауға келіп түскен аудиофайлдар www.tilalemi.kz сайтына орналастырылады. Оқытушылар аудиоматериалдарды сабағына қолдана алады. Бұл да болса, қазақ тілінің әдіскерлері мен оқытушыларына әдістемелік көмек болады.

Жеңімпаз жерлесімізге тек сәттілік тілейміз!

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу