Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ҚАУІПТІ ІНДЕТТІҢ АЛДЫН АЛУ ТҮСІНДІРІЛДІ

ҚАУІПТІ ІНДЕТТІҢ АЛДЫН АЛУ ТҮСІНДІРІЛДІ

Елімізде коронавирус инфекциясына байланысты енгізілген төтенше жағдай мерзімі 2020 жылғы 11 мамырда аяқталды. Алайда шектеу шаралары біткен жоқ.

Ширатып айтсақ, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес Шымкент қаласының аумағында 11 мамыр сағат 00:00-ден бастап, 2020 жылдың 25 мамыр 07:00-ге дейін карантин режимі ұзартылған.

Осыған орай, Қаратау ауданы әкімінің төрағалығымен тиісті мекеме басшыларының қатысуымен тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу бойынша жиналыс ұйымдастырылды. Сақтық шараларын тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жалғасуда.

Айта кетсек, бұған дейін қала әкімінің орынбасары Ақпараттық коммуникация-орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр  Шымкентте карантинге байланысты шектеулер 25 мамырға дейін созылатындығын мәлім еткен болатын.

«Шымкент қаласы аумағында карантин тәртібі 25 мамырға дейін сақталады. 11 мамырдан бастап қоғамдық көліктер таңғы 07:00 мен кешкі 21:00 аралығында тиісті санитарлық нормаларды сақтай отырып жүре бастады. Қала аумағындағы базарлар да 12 мамырдан бастап 10:00-ден 18:00 аралығында жұмыс істейді. Тек автокөлік базары мен мал базарлары ашылмайды», — деді Ербол Садыр.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу