Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » 150 ОТБАСЫҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТЫЛДЫ

150 ОТБАСЫҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТЫЛДЫ

«Шымкент» медресе — колледжінде «Жүрек жылуы» қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Игі шарада «Шымкент» медресе — колледжінің директоры Талғат қажы Әсембай қасиетті Рамазан айымен құттықтап, діни басқарма тарапынан қолға алынған шараның маңыздылығына айрықша тоқталды.

Бүгінгі шараның басты мақсаты тұрмысы төмен, аз қамтамасыз етілген отбасыларына қасиетті Ораза айында бірінші кезектегі азық — түлік өнімдері тарату еді.

Қайырымдылық шара барысында медресе — колледждің 71 ұстазы мен қызметкеріне және қаладағы көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі 150 отбасыға азық-түлік заттары таратылды.

Қасиетті Ораза айында көптеген азаматтар осындай игі іске мұрындық болып жүргені көңіл қуантады. Елімізде орын алған төтенше жағдайда бірлесіп, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарғанның шарапаты мол.

Іс-шараға қолдау көрсетіп, өз көмегін берген азаматтарға алғысымызды білдіреміз!

Айта кетсек, аталмыш қайырымдылық шараға «Шымкент медресе» колледжі мен Қазақстандық «Қазақ Түрік» жастарды қолдау қоғамдық қоры тарапынан қаржылай қолдауға ие болды.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу