Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МҰРАЖАЙ КҮНІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МҰРАЖАЙ КҮНІ

Мұражай – әрбір халықтың өткені мен бүгін, тарихи-мәдени байлығын жинақтаған үлкен рухани орталық. Мұражай бізге өткенді сақтап, нақты уақытты белгілеп тіпті болашаққа үңілуге мүмкіндік береді.
Айта кетейік, 2009 жылы Шымкент қаласы Полиция департаментінің мұражайына департаменттің бірінші қабатында орналасқан 350 шаршы метрлік ғимарат бөлінді.
Қазіргі уақытта Шымкент қаласы Полиция департаментінің мұражайында 4000-нан астам экспонат бар. Онда фотосуреттер, соғыс жылдарындағы құжаттар, сарбаздардың фляжка мен котелкалар, кобуралар, офицерлік белдіктер бар. Сондай-ақ, жедел – тергеу жұмысында, криминалистикалық практикада, байланыста, мемлекеттік автоинспекцияда алып жүретін және жылжымалы радиостанциялар, мегафондар, лупалар, жезлдар, бағдаршамдар, радарлар, телефон аппараттары қойылған.
Полиция департаментінің мұражайында орын алған тың деректердің бірі Ішкі істер органдарының қызметкерлері яғни Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен батырлары, ІІО-ның құрылу тарихы туралы мәліметтер.
Осы айтулы датаға орай барша мұражай қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтаймыз!

©Шымкент Қаласының Полиция Департаменті

Пікір жазу