Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛУДЕ

ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛУДЕ

Түркістан облысы Төлеби ауданында су тасқыны салдарынан келтірілген зардаптарды қалпына келтіру жұмыстары қызу жүргізілiп жатыр. Бұл жұмыстарға 8 мердігер компания мен 6 инжинирингтік қызмет көрсетуші мекеме жұмылдырылған, деп жазады облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.

Айта кетейік, Төлеби ауданында мамандардың қорытындысымен 38 үй жарамсыз деп танылған болатын. Қазiргi таңда 17 үйді бұзу жұмыстары жалғасуда. Оның iшiнде 3 үйдің iргетасын құю жұмыстары басталды. Сел салдарынан 78 азамат эвакуация орталығына жатқызылса, қазіргі таңда 40-тан астам азамат ағайын-туыстарының үйіне жайғасқан.
Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбековтың айтуынша, эвакуация орталығында орналасқан азаматар үш мезгіл тамақпен қамтылып, оларға барлық қажетті жағдай жасалынуда.

Сондай-ақ, ол зардап шеккен 38 баспана толықтай сүріліп, орнына жаңа баспана салынатындығын айтты. Баспаналарды қалпына келтіру жұмыстарына 510 млн. теңге бағытталмақ. Төлеби ауданы әкімдігі жалпы құрылыс жұмыстарын 1,5 – 2 ай көлемі ішінде аяқтауды жоспарлап отыр.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*