Басты бет » Ауыл жаңалықтары » «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫМЕН» БАСПАНАЛЫ БОЛЫҢЫЗ

«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫМЕН» БАСПАНАЛЫ БОЛЫҢЫЗ

«2-10-20» әлеуметтік «Бақытты отбасы» бағдарламасына құжат қабылдау басталды. Түркістан облысы тұрғындарына өзі тұратын аймақтан, аудан орталықтары немесе Түркістан, Кентау қалаларынан баспана сатып алуға мүмкіндік берілді. Шарт бойынша, болашақ үй иесінің және бірге тұратын отбасы мүшелерінің атында баспана болмауы тиіс.

Табысы төмен отбасыларға тұрғын үй сатып алуға арналған несиелендіру бағдарламасына үй кезегінде тұрған көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар және мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасылар ғана қатыса алады. Түркістан облысында кезекке тіркелген азаматтардың үлесіне 400-ден астам пәтер бөлінген.

Тұрғындар «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен» келісім шартқа отырулары тиіс. Банк 10 миллион теңгеге дейін несие береді. Несиенің жылдық мөлшерлемесі – 2%, бастапқы жарна – 10%, несие 20 жылға дейін беріледі.

www.hcsbk.kz сайты арқылы не кез-келген ұялы телефоннан 300 (Қазақстан бойынша тегін) нөміріне хабарласып кеңес алуға болады.

© Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*