Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҚАЙЫРЫМДЫ ЖАНДАР ДАСТАРХАН ЖАЙДЫ

ҚАЙЫРЫМДЫ ЖАНДАР ДАСТАРХАН ЖАЙДЫ

Жетісай ауданының тұрғындары Мақтаарал ауданыңда жұмыс істеп жүрген құрылысшыларға арнайы қайырымдылық дастарханын жайды. Нақтырақ айтқанда, қайырымды жандар Мырзакент кентінде жаңадан бой көтеріп жатқан елдімекенге үлес қосып жатқан 50-ден астам азаматқа арнап палау басты.

Ораза кезінде он шақты азамат бірігіп, құрылыс басында жүрген жандардың ризашылығын алуға ниет еткендерін айтады жетісайлық ағайындар.

«Мақтаарал мен Жетісай аудандары ауылы аралас, қойлары қоралас аймақтар. Топан су басқаны бізді де бей-жай қалдырмады. Сондықтан бірінші күнен бері төтенше жағдайдан зардап шеккен азаматтарға қолдан келгенше көмек беріп келеміз. Бұған дейін Жетісай қаласындағы №8 жалпы орта мектебіндегі эвакуациялық пунтке уақытша орналастырылған азаматтарға барынша қамқорлық таныттық. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, ел басына күн туғанда осылай халық болып көмек берсек, кез-келген сыннан сүрінбей өтетініміз анық», – деді Жетісай ауданының тұрғыны Мүтәлхан Исабеков.

Жетісайлықтар әзірге құрылыс алаңында жұмыс істеп жүрген бір ғана компанияның жұмысшыларына дәм татырды. Алдағы уақытта қалған басқа да құрылысшыларға осылайша демеу беретіндерін жеткізді.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу