Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ЗЕРТХАНА ТӘУЛІК БОЙЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

ЗЕРТХАНА ТӘУЛІК БОЙЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасына қарасты ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық базасындағы зертхана тәулік бойы жұмыс істейді. Мұнда медицина мамандары 24 сағат бойы полимеразды тізбектік реакция әдісімен коронавирус инфекциясына тексеру жүргізеді.

Орталықта COVID-19 инфекциясына күдікті науқастарға және олармен байланысты болған азаматтарға, сырттан келген жолаушыларға сынды арнайы топтағы тұлғаларға зертханалық тексеру ұйымдастырылған.

Эпидемиологиялық ахуалға байланысты, халыққа зертханалық қызметтер көрсетудің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін 2 ауысымдық (12 сағаттан) жұмыс ұйымдастырылды, аталған жұмысқа 8 қызметкер тартылды, оның ішінде 3 зертхана маманы, 3 зертханашы, 2 кіші медициналық персоналы. Мамандар мәселенің маңыздылығына жіті назар аударып, аса жауапкершілікпен жұмысын атқаруда.

Айта кететін жайт, жалпы Шымкент қаласында коронавирус індетімен күресте 26 емдеу мекемесінде жалпы 2 764 медицина қызметкері жұмыс істейді.

Білікті мамандардан жасақталған дәрігерлер жұқпалы аурулар ауруханасы, карантиндік стационарлар, жедел жәрдем станциясы, емханалар мен зертханалық орталықтарда тынымсыз еңбек етуде. Медицина мамандары алғашқы күннен бастап науқастарға қолдан келген көмегін жасауда. Ақ халатты абзал жандар күнделікті дертпен бетпе-бет келіп, эпидемиялогиялық жағдайдың өршуіне қарамастан өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқарып келеді.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу