Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » 1000 ОТБАСЫҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТЫЛДЫ

1000 ОТБАСЫҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТЫЛДЫ

Бүгін Шымкентте «Біз біргеміз!» республикалық акциясы аясында «Nur Otan» партиясының белсенді мүшелерінің демеушілігімен қайырымдылық шарасы өткізілді.

Бұл акция Қасиетті Рамазан айындағы Ораза айт мерекесі қарсаңында халықтың аз қамтамасыз етілген топтарын қолдау мақсатында өткізіліп отыр.

Шара аясында Шымкенттегі 1000-ға жуық мұқтаж отбасыға азық-түлік жиынтықтарымен көмек көрсетілді. Көмек аудан әкімдіктері тарапынан жасақталған аз қамтылған отбасылар тізімі бойынша берілуде. Ол тізімде көпбалалы аналар, мүгедек жандар, жалғыз басты зейнеткерлер бар.

Азық-түлік себетіне ұн, күріш, қант, қарақұмық, күнбағыс майы сынды күнделікті тұрмыста қажетті азық-түліктер салынды. Осындай 1000 қорап қаламыздағы 4 ауданның әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларына таратылады. Алғашқы легі алдыңғы аптада селден зардап шеккен Елтайлық тұрғындарға жөнелтілді. Сондай-ақ, партия белсенділері Жетісайлық диқандарды қолдау мақсатында 400 қап орамжапырақ сатып алып, оны да таратпақ ниетте. Аталмыш акция алдағы 3 күн бойы жалғасатын болады.

Оларға көмекті «Nur Оtan» партиясы белсенділері, «Jas Otan» жастар қанатының жастары мен еріктілер сақтану шараларын ұстана отырып, «байланыссыз» тәсілмен жеткізуде.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу