Басты бет » Қала тынысы » КАРАНТИН МЕРЗІМІНДЕ ЖАЛАҚЫЛАРЫ ТОЛЫҚ ТӨЛЕНУДЕ

КАРАНТИН МЕРЗІМІНДЕ ЖАЛАҚЫЛАРЫ ТОЛЫҚ ТӨЛЕНУДЕ

Шымкент қалалық білім басқармасы басшысы Жанат Тәжиева БАҚ-мен брифинг өткізді. Тілші қауымы қатысқан жиында басқарма басшысы көптің көкейінде жүрген көптеген сұрақтарға рет-ретімен жауап беруге тырысты. Алдымен мектепке дейінгі ұйымдардың алдағы ахуалы жайында әңгіме өрбіткен Ж.Арысбекқызы ағымдағы жылдың 18-20 мамыр аралығында коронавирустық инфекциясының 485 оқиғасының тіркелуіне байланысты Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің шешіміне сәйкес карантин мерзімі ұзартылуы мүмкін, – деді.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының 2020 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның туындауына және таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының қорытындысы бойынша хаттамалық тапсырмасына және Шымкент қаласы әкімі, Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Шымкент қалалық өңірлік комиссиясының 2020 жылғы 25 наурыздағы №4 хаттамасына сәйкес Шымкент қаласындағы балабақшалар қызметінің уақытша тоқтатылған мерзімінде, меншік түріне қарамастан, барлық бала-бақша қызметкерлерінің жалақылары толық көлемде төленуде.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тарапынан карантин кезінде мектепке дейінгі және арнайы білім беру ұйымдарының қызметін кезеңмен бастау бойынша «Мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысын қайта бастау тәртібі» әдістемелік ұсынымы әзірленген. Қаладағы жалпы 529 мектепке дейінгі ұйымдарда 13829 қызметкерлер жұмыс жасайды, оның 9518-ы педагогтар. Бүгінгі таңда 4676 педагог (2957 техникалық қызметкерлер) ақылы еңбек демалысында, 4748 педагог қашықтықтан жұмыс жасауда (2821 техникалық қызметкер), сонымен қатар, 94 педагог бала күтімі бойынша демалыста.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*