Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШЫМКЕНТ ДАРЫНЫ

ШЫМКЕНТ ДАРЫНЫ

Осыдан бір жарым ай бұрын Үшінші Мегаполисте дарынды балаларға арналған «Дарын» орталығы ашылған болатын. Бұл мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын Шымкент мектептерінің дарынды оқушыларын анықтауға, дамытуға және қолдауға ықпал етеді.

Дарынды балалар – мемлекеттің және халықтың рухани байлығы. Сол себепті дарынды оқушылардың талабын одан әрі ұштай түсу мақсатында мектеп бойынша «Дарын» бағдарламасы аясында жұмыстар жүргізілуде. Бұның өзі оқушыларымыздың жан-жақты білім алып, мұғалімінің жетекшілігімен өзіндік ізденісінің айғағы болып табылады.

Осы орайда, «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен сәуір айында Әль-Фарабидің 1150 жылдығына орай «Ғалым болғым келеді» тақырыбында оқушылар арасында Эссе жазу шығармашылығын шыңдау сатысында байқау болып өтті. Бұдан соң, «Біз біргеміз» тақырып бойынша қашықтықтан сурет өнері аясында, Абай Құнанбаевтың 175-жылдығына «Көзімнің қарасы» ән байқауы, 5-11 сыныпп оқушылары арасында «Алтын орда»-ның 750 жылдығына орай түрлі байқаулар мен іс-шаралар өткізіліп келеді. Барлық өткізіліп отырған байқау қорытындыланып, таланты тау жаратын, өте дарынды оқушылар дараланып, оларды баптауда тәжірибесі тиімді дүниелермен толықтырылған ұстаздарының еңбегі орасан.

Жалпы, қазіргі жалпы білім беретін мектептерге оқу-тәрбие үдерісінің жаңа мазмұнын белгілеу және жетілдірілген оқу бағдарламаларын ғылыми негізде ұйымдастыру талабы, Қазақстанда инновациялық экономиканың құрылу барысында болып жатқан елеулі өзгерістерге байланысты.«Біздің болашақтағы жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет»деген болатын Елбасы. Сондықтан да, оқушылардың ғылыми-инновациялық біліктіліктерін қалыптастыру қажетілігін ескерсек, дарынды оқушымен жұмыс істеудің негізгі мақсаты-олардың ғылыми шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Жалпы, дарынды балаларды анықтау, олардың потенциалдық әлеуетін дамытуға және іске асыруға жағдай жасауды мақсат ететін орталықты ұршықша иіріп отырған басшы Раушан Омарханқызы төтенше кезеңде өз жұмысын мейлінше көрсетіп келеді. Жоспар- жобалармен айшықталған жұмыс кестелерінде әр аптаға негізделген алуан түрлі іс-шаралар топтамасы орын алған. Мамыр айында аталмыш орталық «Менің Отаным — Қазақстан!» тақырыбында онлайн байқау өткізбекші. Конкурстың мақсаты: Балалардың бойында Отанға, патриотизмге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру және шығармашылық қабілеттерін және көркем қиялын дамытуға ықпалдау, сонымен қатар, өнер және эстетикалық талғам саласында дағдылар мен іскерлікті дамыту.

Сондай-ақ, «Дарын» орталығы Бауыржан Момышұлының 110 жылдығына арналған кітап оқу байқауына да дайындық қызу жүруде. Мұнда байқауға қатысушылар: Шымкент қаласының 9-11 сынып оқушылары Александр Бек «Волоколам тас жолы» орыс жазушысы Александр Бектің таңдаулы шығармасына басты кейіпкері – қазақ халқының даңқты ұлы Бауыржан Момышұлы. Осы шығармада аңызға айналған қолбасшының ұлттық мінезі мен қаһармандық іс-әрекеті терең ашылып, көркем шешімін тапқан. Конкурс талаптары осы әскери шығарманы 9-11 сынып оқушылары аса ықыласпен оқып, алған әсерлері туралы Instagram парақшасында жазба жариялауы тиіс. Оқушының жазбасы Instagram парақшасында осы жылдың 26 мамырында жариялануы тиіс.

«Дарын»-ның ендігі ережесі математика пәнінен бастауыш сыныптарға онлайн олимпиада. Шымкенттің 3-4 сынып оқушылары үшін математикадан онлайн олимпиаданы 2020 жылдың 19 мамырында сағат 16-00-де тіркеліп, тапсырманы сағат 18-00-ге аяқтауы тиіс-дейді орталық мамандары. Өзіндік қиындығы бар сын сағатында әр қатысушы математикадан 30 тест орындайтын болады. Ал, олимпиадаға қатысу ақылы емес. Жеңімпаз оқушыларға әдеби кітаптармен қатар, алғыс хаттармен марапатталатын болады.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу