Басты бет » Руханият » ДҰРЫС ДЕРЕККӨЗДЕРДІ ПАЙДАЛАНАЙЫҚ

ДҰРЫС ДЕРЕККӨЗДЕРДІ ПАЙДАЛАНАЙЫҚ

Бүгінгі таңда әлем халқының екіден бірі Facebook, Twitter, Bkонтакте, Whatsapp сияқты әлеуметтік желілерде түрлі бағыттағы материалдарды пайдаланып отырады. Дінге құштарлығы бар азаматтар діни мәліметтерді үйренемін деп намаз, ораза, басқа да діни мәліметтермен танысу мақсатында қолданып, кейде теріс діни бағыттағы ақпараттарды қабылдап соңында көптеген қиыншылықтарға ұшырайды. Бүкіл әлемнің саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени және рухани жағдайына ықпал етіп отырған діни экстремизм мен терроризм. XXI ғасырдың ең бір өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр. Әлеуметтік желілерде экстремистік көзқарастар мен террорлық актілерге итермелейтін қайшылықтар өсе түсуде. Қазіргі кезде діни фундаментализм мен лаңкестік бір ғана аймаққа, бір ғана мемлекетке тән емес. Бұл қазіргі таңда қауіпті әрі болжануы мүмкін емес құбылыс және ол әртүрлі формалар мен ауқымды қатерлерге ие болуда. Террористік  актілер адамдардың жаппай қырылуына әкеледі және бұқара халықтың басым бөлігіне психологиялық қысым көрсетіп материалдық және рухани құндылықтар бұзылуда. Кейде мұндай зардаптардың салдары қалпына келтірмейтіндей деңгейде орын алып, мемлекеттер арасында алауыздық туындау арқылы соғыстардың тұтануына ықпал етуде, әлеуметтік және ұлттық топтар арасында сенімсіздік пен жеккөрушіліктердің пайда болуына әкеледі. Терроризм – қазіргі жаһанданушы заман қатерлерінің бірі, ол өзінің формалары мен көріністерінің ауқымдылығы және жиілігінен, адамзатқа қарсылығы мен қаталдығы тұрғысынан әлемдік қауымдастық алдындағы түйткілді мәселеге айналды. Соңғы жылдары экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл Қазақстанның ұлттық және рухани қауіпсіздігін сақтаудағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттары болып табылады. Осыған байланысты, экстремизм мен терроризмнің барлық түрлеріне қарсы ауқымды жұмыстар жүргізеді. Осы ретте, біздің аймақта дін саласындағы саясатты іске асыру шеңберінде діни радикализмнің өсе түсіп отырған қаупін алдын алуға баса мән беріледі. Бұл бағытта дін саласындағы жергілікті атқарушы биліктің өкілі болып табылатын Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқарамасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-сі мемлекеттік органдармен өз құзіреті шегіндегі жұмыстарында қолданыстағы ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңның және «діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарлама шеңберінде діни радикализмге иммунитет қалыптастыру мақсатындағы ақпараттық түсіндіру жұмыстары,  интернет-ресурстарды зерделеу арқылы күмәнді діни идеяларды таратумен айналысатын сайттар мен парақшаларды анықтау және оларды бұғаттауға ұсыныс беру жұмыстарынан бөлек әлеуметтік желіде діни сергек болу мақсатындағы жұмыстарды жасап келеді.

Қорытындылай келе, әлеуметтік желінің адам баласы үшін зияны көп, дұрыс дерек көздерден пайдаланатыны шамалы. Әлеуметтік желілер ғаламтор арқылы адамдардың қарым-қатынас жасау құралы. Әлеуметтік желілер арқылы қарым-қатынас жасау арзан әрі тиімді жолы болып табылады. Әлемнің кез-келген бұрышындағы адамдармен сөйлесуге мүмкіндік береді. Бірақ оның адамға тигізетін пайдасынан зияны көп. Себебі, сол әлеуметтік желілерді дұрыс дерек көздерінен пайдаланбау кесірінен көптеген қиыншылықтарға ұшырайды, тіпті қайғылы жағдайлармен аяқталып жатады. Әлеуметтік желілерде қарым-қатынас жасайтын адам шынайы өмірдегі достарынан алшақтайды, шынайы өмірде айтайын деген ойын ашық айта алмай, оқшауланып қысылады. Онымен қоса дұрыс дерек көздерді пайдалану мәдениеті қалыптаспай, біржақты діни көзқарас қалыптасып бала мен ата ана арасындағы қарым-қатынас та үзіледі. Айта берсек, әлемнің кез-келген бұрышында көптеген осындай қайғылы оқиғалар болып жатыр. Сол болып жатқан оқиғалардың көбісі осы әлеуметтік желілердің кесірінен орын алып жатыр. Сондықтан да әлеуметтік желілердің пайдасынан зияны  көп-ақ. Әрине, әлеуметтік желілерді мүлдем қолданбау керек деуге болмайды, тек уақытылы, шектеулі, өз орнымен, дұрыс ақпараттармен қолданған абзал.

Әлеуметтік желі ХХІ ғасырдың тапқан жемісі болғандықтан, оны қолданған дұрыс. Бірақ та оның пайдалы жақтарын пайдаланып, ал зиянды жақтарынан адам баласы өзін алшақ ұстауға тырысу қажет. Сонда ғана адам баласының шынай өмірмен қарым-қатынасы бұзылмайды, үзілмейді, адам баласы әлеуметтік желілерге тәуелді болмайды.

© Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің
Ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, дінтанушы
И.Айтаев

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*