Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында түсіндірме жұмыстары қарқынды жүргізілуде. «Әл-Фараби ауданында орналасқан коммерциялық нысандарының иелерімен және халық арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Шымкент қаласының Бас санитариялық дәрігердің 2020 жылғы 17 мамырдағы №17 қаулысына сәйкес індеттің таралуына жол бермеу мақсатында түсіндірме жұмыстары қарқынды түрде жүруде.

Аталған мониторингтік топ (аудан әкімі аппараты, аудандық полиция және тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы) қызметкерлерімен коммерциялық құрылымдарға іріктеп, түсіндіру жұмыстары іске асырылуда. Яғни, санитарлық нормалардың сақталу барысы бақылауда тұр.

Қауіпті сейілтіп, індетті өршітпеу мақсатында қолданылатын шаралар, талап етілген ережелер бойынша түсіндірме жұмыстары қаланың өзге аудандарында да жалғасуда.

Коронавирус індетінің алдын алу және кең таралып кетпеуі үшін мемлекет тарапынан барлық жағдайлар жан-жақты жасалуда. Талап етілген санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып, бірге болып, бұл қиыншылықты жеңіп шығамыз. Мұның барлығы өтпелі.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу