Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНКУРС ЖАРИЯЛАНДЫ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНКУРС ЖАРИЯЛАНДЫ

Республикалық маңызы бар қала ретінде Шымкент қаласының бас жоспары тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі халықаралық конкурсқа қатысуға ниет білдірушілерден өтінім қабылдау басталды

Басты мақсат — Республикалық маңызы бар қала мәртебесіне сәйкес Шымкент қаласының бас жоспары тұжырымдамасының тұжырымдамалық қала құрылысы, сәулет шешімдері мен идеяларын қалыптастыру болып табылады, нәтижесінде 2050 жылға дейін қаланың аумақтық дамуы бойынша сапалы шешімдер қабылдауға алып келеді.

Конкурсты өткізу мерзімі – 20 мамыр мен 22 шілде аралығында.

Байқауға ұсынылған жобалар көрмесі 29 шілде мен 7 тамыз аралығында Шымкент қаласында өтеді.

Ұйымдастыру бойынша сұрақтарды мына мекен-жайға жіберуге болады: Шымкент қаласы, Пазылбеков көшесі №11, №7 кабинет, тел. +7 (7252) 53-64-95, e-mail: architectura.shymkent@mail.ru

Материалдар мына мекенжай бойынша қабылданады: Шымкент қаласы, Пазылбеков көшесі №11.

Байқау жобаларын қабылдау, техникалық мәселелер бойынша сұрақтарға +7 (7252) 53-64-95 байланыс нөмері арқылы жауап алуға болады.

Конкурс шарттарымен Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасының сайтынан немесе мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.facebook.com/groups/ShymkentBiz/permalink/2473107302980995

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу