Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Руханият » ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛЫП КЕЛЕДІ

ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛЫП КЕЛЕДІ

Дін бүгінгі күндегі қоғамдық өмірде маңызды рөлге ие және бұл факт заманауи әлемнің құбылмалы жағдайында өзекті бола түсуде. Елімізде діни сауаттың төмендігінен, әсіресе, жұмыссыз жастар, әлеуметтік тұрмысы төмен топтардың өкілдері, ауыл тұрғындары, шағын мешіттерге келушілер, дәстүрлі емес дін өкілдерінің тұрғылықты жері, жұмыс орны бойынша қоршаған әлеуметтік ортасының ықпалынан түрлі діни ағымдардың қатарын толықтырып отыр.  Сондықтан да азаматтардың діни сауатын көтеру деструктивті идеялардың таралуының алдын алуда және оған жол бермеудегі басым бағыттардың бірі.

Осыған орай, елімізде дін саласын реттеу жұмыстары бүгінгі таңда Конституцияда бекітілген зайырлылық қағидаттарын басшылыққа алады. Сәйкесінше, біздің елімізде адамдардың дінге қатысты қажеттіліктерін еркін өтеулері үшін барлық жағдайлар жасалған. Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатынды жүйелі түрде жұмыстар атқарылып келеді. Оның ішінде ақпараттық түсіндіру топтарының (әрі қарай — АТТ) жұмысы – мемлекеттік саясаттың түрлі аспектілері бойынша қоғамдық пікір қалыптастыру мақсатында билік органдарының халықпен жұмыс жүргізу формасы ретінде ерекше рөл атқарып отыр. АТТ қызметі ішкі саясат, діни ахуалды бақылау және діни бірлестіктермен қарым-қатынас мәселелері енетін биліктің жергілікті атқарушы органдарымен тікелей өзара әрекеттесу арқылы жүзеге асырылады. Аталған  аспект қалың көпшілікке елдегі діни қызмет саласындағы заңнамалардың жұмыс істеу тетіктерін түсіндіруге, оларға діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі ережелерін жеткізуге мүмкіндік береді. Қызметтің осы түрі мемлекеттің дін саласындағы саясатын түсіндіруді және діни бірлестіктер мен ағымдар туралы ақпараттандыруды қамти отырып, деструктивті сипаттағы дәстүрлі емес діни ағымдардың тұрғындар мен азаматтардың діндарлығын өз мақсаттарына пайдалануға ұмтылған талпыныстарына қарсы тұра алатын иммунитет қалыптастырудың негізі болып табылады.

Еліміздің тұрғындары арасында азаматтардың сенім бостандығын қамтамасыз ету құқығына және діни бірлестіктермен өзара әрекеттесуге негізделген конфессияаралық және ішкі конфессиялық бейбітшілік пен келісімді сақтау мен нығайтуға бағытталған іс-шараларды өткізу — ақпараттық-түсіндіру топтарының негізгі бағыттарының бірі және бұл шаралардың барлығы Қазақстан азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын, адамгершіліктері мен денсаулықтарын қорғауға бағытталған.

© Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің
Ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, дінтанушы
К.Рысбеков

Пікір жазу