Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ДІН САЛАСЫ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ДІН САЛАСЫ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкент қаласында ақпараттық-түсіндіру топтарының (АТТ) жұмысы Дін істері комитеті тарапынан берілген әдістемелік нұсқаулыққа сәйкес жаңа бағдарлама негізінде жүзеге асырылуда.

Жыл басынан бері дін саласындағы АТТ тарапынан 166  кездесулер өткізіліп, 39046 адам  қамтылып отыр.

АТТ тарапынан өткізілген кездесулер БАҚ құралдарында, әлеуметтік желі парақшаларында кеңінен  насихатталып жатыр.

АТТ қызметін ұйымдастыру барысында қала тұрғындары мен жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде мына тақырыптарға назар аударған жөн:

  • тәуелсіз Қазақстанның қазақстандық қоғамда конфессияаралық ауызбіршілік пен  келісімді қамтамасыз ету саясатында қол жеткізген жетістіктері туралы;
  • этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделі және оның халықаралық деңгейде мойындалуы туралы;
  • Қазақстанда тұрақты түрде өткізіліп отырған әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездері туралы;
  • Қазақстан халқының дәстүрлері, рухани мәдениеті мен толеранттылығы туралы.

Дін мәселелері жөніндегі АТТ еліміздегі үйлесімді конфессияаралық қарым-қатынасты қалыптастыруға және нығайтуға, халықтың діни сауатын арттыруға және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алудағы рөлі күн сайын артып келеді. Дін саласында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру -әртүрлі сипаттағы деструктивті діни ағымдардың идеяларының Қазақстанға енуіне және таралуына тосқауыл қоятын іс-қимылдар мен идеологиялық жұмыстарды кадрлық әлеуеті жоғары әрі маманданған ұйымдарды тарта отырып кәсіби деңгейде атқаруға мүмкіндік береді.

АТТ қызметі шеңберіндегі мемлекеттік органдардың нақты аудиториялармен жұмыстар жүргізудегі міндеті жергілікті жерлерде іске асырылатын АТТ жұмыстарын соған сай сипатта қамтамасыз етуден көрініс табады.

© Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің
Ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, дінтанушы
К.Рысбеков

Пікір жазу