Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ДІНАРАЛЫҚ ҮНДЕСТІКТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

ДІНАРАЛЫҚ ҮНДЕСТІКТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

Шымкент қаласында ақпараттық-түсіндіру топтарының (АТТ) мүшелері қызметін ақпараттық сүйемелдеу және жұртшылыққа кеңінен таныту, олардың жүргізіп отырған жұмыстарына тұрғындардың сенімін арттыру мақсатында өңірлік БАҚ-тардың әлеуеті мен мүмкіндіктерін кеңінен  пайдаланып отыр. Атап айтқанда;

-теледидар мен радиода беделді теологтардың, дінтанушы-ғалымдардың, дін өкілдерінің, мемлекеттік және күштік құрылымдар өкілдерінің сөз алуына арналған алаңдар ұйымдастырылуда;

— интернет желісіндегі сайтта, әлеуметтік желілерде ақпараттық-түсіндіру топтарының беделді мүшелерінің сұхбаттары, мақалалары жариялануда;

— қазіргі таңда карантинге байланысты онлайн сабақтар, әлеуметтік желілерде тікелей эфир арқылы халықпен байланысты орнатып, қажетті ақпараттар берілуде.

Қорыта айтқанда, дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету шеңберінде бүгінде іске асырылып отырған ақпараттық жұмыстардың қоғамымызда идеялық тұрғыдан бой көрсетіп отырған діни сауаттылықты көтерудегі маңызы күшейе түсетін болады. Жылдың соңына дейін әртүрлі қауіптерге қарсы тұру және жас ұрпақтарға рухани және моральдық білім беру мақсатында, күштерді біріктіруге бағытталған маңызды іс-шаралар өткізу жоспарлануда.

Жалпы, Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ мемлекет пен діни ұйымдардың өзара іс-қимыл жасасуын жетілдіру, дінаралық үндестікті жетілдіру және бұзушы қозғалыстарға қарсы тұру бойынша жан-жақты қызметтерді жалғастырады.

Сан қырлы да қатпарлы тарихты басынан өткеріп, тәуелсіздіктің ақ таңына жету баршамызға нәсіп еткен нығмет.  Баршаңызды тәуелсіздіктің даңғыл жолында аянбай табысты еңбек етуге шақырамын.

© Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің
Ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, дінтанушы
К.Рысбеков

Пікір жазу