Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » «ЖУСАН» ОПЕРАЦИЯСЫ ЖӘНЕ 15 ЖАСАР ҚЫЗДЫҢ ӨКІНІШІ

«ЖУСАН» ОПЕРАЦИЯСЫ ЖӘНЕ 15 ЖАСАР ҚЫЗДЫҢ ӨКІНІШІ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың және Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Сириядағы соғыс аймағынан отандастарымызды елге қайтаруға бағытталған «Жусан» арнайы гуманитарлық  ауқымды бағдарламасы жүзеге асырылып, нәтижелі аяқталды. Қазақстанның мемлекеттік құрылымдарының жүйелі жұмыстарының және шетелдік серіктестермен тығыз ықпалдастықтың арқасында қақтығыс аймағынан қазақ азаматтары қайтарылды. Қазақстанға оралған соң, олар психологиялық және теологиялық оңалту шараларынан өтіп, барлық қажетті көмек алатын арнайы бейімдеу орталығына орналастырылды. Ол Қазақстан Президентінің халықаралық аренадағы жоғары беделінің және еліміздің бейбітшілік бастамалары, қағидаттары негізінде жүзеге асты.

Дегенмен бәрінен қымбат – Адам, адам өмірі екені дәлелденген «Жусан» операциясы сияқты басқа да операциялардың болатынынан үмітті еткесін де салқын ақылға саласың. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету «Жусан» операциясының басты мақсаты болды. Елге оралған отандастар жаңа өмір бастауға, ал балалар бейбіт өмір сүруге мүмкіндік алды.
«Жусан» операциясы бойынша Шымкент қаласы бойынша 15 тен астам әйел мен 40 тан астам балалар келген. Әр әйел мен баланың тағдыры әрқилы. Әйел азаматтар Сирия жерінде жақсы өмір армандап барып, соңы қайғылы соғыстармен аяқталғанын әрқайсы «Жусан» иісін армандап келген азаматтар өкінішпен еске алады.

Осы тұста «Жусан – 3» операциясымен оралған 15 жасар қыздың қиын тағдыры жайлы сөз етпекпін.
15 жасар қыз Жетісай ауданында дүниеге келген. 5 жасар кезінде ата-анасы ажырасып, Алматы қаласына қоныс аударған. Бірінші  сыныпты бітірер-бітірмес Сирия жеріне анасының екінші күйеуінің көмегімен елден шығады. Күйеуі шыға алмай кетер алдында ұсталып, 9 жылға бас бостандығынан айырылған. Анасы ол жақта тағы некесін қидырады. Қызды араб мектебіне беріп, математика, ақида, фикһ бойынша білім алған. 13 жасар кезінді анасының күштеуімен 18 жасар жігітке тұрмысқа шығып, 1,5 жыл тұрған. Анасы «егер осы жігітке тұрмысқа шықпасаң бомба асылған киім киіп, кәпірлерге қарсы соғысқа шығып, шахиттерше өлімге келісесін» — деп шарт қойған. Қыз амалсыз келісімін берген. Ақида бойынша орыс тіліндегі  радикалды тақырыптары бар уағыздар тыңдаған. Анасы Сирия жерінде соғысып жүргенде қайтыс болған. Ол жақтағы лақаб аты –Мариям болған.

15 жасар қыз «Жусан – 2» операциясымен Ақтау қаласын келіп, 1 ай діни білім алған. Адамдардан, қоғамнан қорқынышпен қарайды. Қоғамнан алшақтап қалған қыз алғаш елге оралғанда бәрі өтірік айтып жүр деп ойлаған. Бірге келген азаматшалар кім не айтсада «ИӘ» деп жауап бере бер деп айтыпты. Алғашқыда бәріне солай айтып жүрген. Кейіннен медреседе оқып, Сирия жеріндегі діни білім бұрыс екенін түсінген.Туған әкесі медресе мен мектепте оқуына қарсы болды. Тігін курсына қатыстырып, 1 ахиға тұрмысқа бермекші болған. Әкесімен елге оралғалы 5 ақ рет жолыққан. Әкесімен діни тұрғыдан (ақида) келіспейтін тұстары көп болған. Қазақстанда рұқсат етілмеген уағыздарды тыңдатып, Қазақсатан мұсылмандарының және қыздың қазіргі таңдағы ұстанатын ақидасының бұрыс екенін айтқан. «Әкемде сәләфилік бағытта екенін ашық айтып. Анамда осы бағытпен жүрді. Мен енді қайта қателескім келмейді», – деп қыз жылап көзіне Сирия жеріндегі қиыншылықтарды еске алды.

Қазіргі таңда қыз Шымкент қаласына келген Шымкент қаласында нағашы әжесінің қамқорлығында, әкесі (Жетісай ауданының тумасы) 3 жылға сенімхат берген. 11 сыныпты бітіріп, Нұр-Мүбарак университетіне түсуді армандап жүр. Тек медреседегі және сыныптастарымен ғана жақын қарым-қатынаста жүргенін айтып өкінішін білдірді.

Қазақ халқы ислам дінін он үш ғасыр бұрын қабылдап, иман еткен. Кешегі кеңестік кезеңде де діннен қанша аластатуға әрекет етсе де өздерін мұсылманбыз деп өткен. Сирия жерінде жүріп «Ислам халифатына» «хижра» жасап қақпанға түскен азамат пен азаматшаларына әлем елдері бас тартып жатқанда біздің елдің өз азаматтарын тастамай елге алып келуінің өзінде Қазақ халқының тектілігі, кең пейілдігі, жоғары адамгершілігі, мейірімділігі, имандылығы жатыр. Халқымыздың қанына сіңіп, дәстүріне айналған осынау ұлы қасиеттерінен жеріп, ата-ананы алдап, ағайыннан қашып жат жерден «жұмақ» іздеу ата  дініміздің әдебіне жатпасы хақ. Тарихты құрметтеп дәстүрлі жолдан адаспай елге пайдасы тимесе де зияны тимесе дейімін.

© Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің
Ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, дінтанушы
Т.Байманова

Пікір жазу