Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ЕРІКТІ САРБАЗДАР САПТАН ШЫҚТЫ

ЕРІКТІ САРБАЗДАР САПТАН ШЫҚТЫ

Төтенше жағдай кезінде Отан алдындағы борышын өтеген ерікті сарбаздар саптан босатылды. 1 ай бойы қаламыздың қауіпсіздігіне үлес қосқан 100 әскериді шығарып салу рәсімі өтті. Енді олар карантин кезінде уақытша жабылған мекемелердегі жұмыстарына қайта оралады, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі П.Ортайдың материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.

Мемлекет басшысының үндеуінен кейін  қаламызда әскери қызметке ниет білдіргендер саны көп болды. Шымкентте іріктеуден өтіп, 1 ай бойы Отан алдындағы борышын өтеген 100 ерікті сарбаз бүгін саптан босатылды.

Дүниені дүрліктірген дертпен күресуге өз үлесін қосқандардың бірі — Әмір Ахметжан. Аға сержант бұған дейін де Отан алдындағы борышын өтеген. Ел басына туған қиын-қыстау кезеңде шет қалмай, өз еркімен сапқа тұрған азамат ешнәрсеге өкінбейтінін айтады.

Сарбаздар 30 күн қаламыздағы 4 ауданда дезинфекциялық шаралар жүргізумен айналысты. Енді олардың бұл қызметі әскери билеттеріне енетін болады. Төтенше жағдай кезінде өз еркімен сапқа тұрған жұмыссыз еріктілерге ең төменгі айлық есебінде 42500 теңге төленеді. Ал, карантин талаптарына сәйкес жұмыс мекемесі жабылған ерікті сарбаздарға өз қызметіндегі жалақы мөлшері берілетін болады.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу