Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қызықтаймс » ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ҚАУІПСІЗ БЕ?

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ҚАУІПСІЗ БЕ?

Шымкенттің бас санитарының №17 қаулысына сәйкес 12-ші мамырдан бастап қаладағы қоғамдық көліктердің жұмысына рұқсат берілді. Көпшілік көп шоғырланатын автобустарда санитарлық талаптар қаншалықты сақталуда? COVID-19 вирусының таралу қауіпі жоғары қоғамдық көліктер күніне қанша рет залалсыздандырылады?

Бұл туралы осы тақырыпта әңгіме өрбіткен «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі К.Дүйсенбінің материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz  хабарлайды.

Жұмысын жүргізуге рұқсат алған мегаполистегі тасымал компаниялар қызу іске кірісіп кетті. Алайда көптеген жүргізушілер мен кондукторлар карантин кезіндегі қарапайым қағидаларды сақтамай отыр. Өзінің ғана емес көліктегі жолаушылардың өміріне жауапты кейбір жүргізушілер маскасын иекке іліп,  автобусқа шамадан  тыс жолаушылар толтырып қала көшелерінде жүйіткіп жүр. Бетперде тақпай кауіпті күшейткен жауапсыз жолаушыларда баршылық. Ал  Шымкент қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары жолаушылар мен жүргізушілерге карантин тәртібін түсіндіріп әлек.

Гүлжахан Миралиева — Шымкент қаласы Еңбекші   аудандық  Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының  жетекші маманы: Автобустар соңғы точкаға келеген кезде жолаушылар түсіп болғаннан кейін залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу керек. Және өздері мен жолаушылардың маскада жүруін қадағалау керек.

Күні бойы өз бағыты бойынша  қаланың көп жерін  арлайтын бригаданың бірі    74-ші орам.  Бағытта 26 автобус бар. Орам бригадирінің айтуынша  ұжымда санитарлық талаптар басты орында.

Сүгір Жолдасов – «T-DUS»ЖШС бригадирі: Сағат азанғы жетіден кешкі тоғызға дейін жұмыс істеп жатырмыз. Барлық санитарлық талаптарды сақтап жатырмыз.

Жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын ұйымға қойылатын талаптар қаулыда тайға таңба басқандай  нақтыланған.  Автобуста  жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорымен жабдықтау.Карантин кезінде ұйымның медицина қызметкері ауысым алдындағы және ауысымнан кейінгі тексеруді пысықтау. Ең бастысы  көлікке шамадан тыс жолаушы отырғызбай адамдар арасында арақашықтықты сақтау.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу