Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Төтенше » ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ — БАСТЫ НАЗАРДА

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ — БАСТЫ НАЗАРДА

Шымкент қалалық Әл-Фараби ауданына қарасты төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері рейдттік іс-шарасын өткізді. Қаладағы өртке жол бермейтін минералды жолақтардың жай-күйін тексеруден өткізді. Себебі, ауа-райының ыстық температурасы өрт деңгейінің жоғарылауына алып келеді. Сондықтан жүріп жатқан жөндеу жұмыстары уақытылы аяқталуы тиіс, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.

Жазғы мезгіл өрт үшін қауіпті кезең. Сол себепті, қала аумағындағы барша егістіктерде, орман, жылыжайларда және саябақтардың маңында орналасқан минералды жолақтардың атқарар көмегі зор. Болуы мүмкін өрттердің алдын-алу үшін арнайы түскен жолақтар қауіпсіздік деңгейін күшейтеді. Әр кезеңде қайта жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Биылғы маусымда сақтық шараларының барысын тексеруге төтенше жағдайлар бөлімінің  қызметкерлері арнайы шықты. Олар ең алдымен Дендропарк саябағында рейдтік іс-шарасын жүргізіп, ондағы орналасқан жолақтардың ені мен ұзындығын бақылаудан алып, тексеруден өткізді. Ретке келтіру жұмыстарының аяқталу мерзімін белгіледі. Айта кетейік, минералды жолақты жырту жұмыстары 2020 жылдың  мамыр айының 25 дейін аяқталуы қажет.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу