Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ТОЙ ЖАСАУҒА ҚАШАН РҰҚСАТ БЕРІЛЕДІ?

ТОЙ ЖАСАУҒА ҚАШАН РҰҚСАТ БЕРІЛЕДІ?

Өңірімізде қызын ұзатып, келін түсіруді төтенше жағдай орын алғанша жоспарлаған ағайын, той-томалақ жасауға қашан толықтай рұқсат етіледі деп күтуде. Себебі, мейрамханалардың ашылуына қазірге рұқсат жоқ және жақын аралықта іске қосылу-қосылмауы белгісіз. Карантинді аяқтау үшін нақты талаптар орындалуы керек. Оған министрлік айтқан барлық шараларды іске асыру арқылы қол жеткізуге болады, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Ө.Мырзабектің материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.

Еске салайық, Қазақстанда төтенше жағдай режимі 11 мамырда аяқталды. Алайда, карантин режимі жалғасуда. Елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанша ойын-сауық, көңіл көтеру шаралары, нақты айтқанда той жасауға рұқсат жоқ. Бұл туралы Мемлекеттік комиссия мен ҚР бас санитар дәрігерінің берген мәлімдемесінде айтылды. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан, Алматы қаласында карантин эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанша созылады. Ал, Шымкент қаласында карантин 25 мамырға дейін ұзартылған. Айта кетейік, бұған дейін карантин талаптарын сақтамаған Маңғыстау тұрғындарына кешкі сағат 19:00-ден кейін көшеге шығуға тыйым салынған. Сол себепті, карантиннің созылутікелей тұрғындардың да талаптарды сақтамауына байланысты болып тұр.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу