Басты бет » Қала тынысы » ШЫМКЕНТТІКТЕР ҚАДІР ТҮНІН ҚАЛАЙ ҚАРСЫ АЛДЫ?

ШЫМКЕНТТІКТЕР ҚАДІР ТҮНІН ҚАЛАЙ ҚАРСЫ АЛДЫ?

Мамыр айының 19-нан 20-на қараған түні исі мұсылман Қадір түнін қарсы алды. Жамағатжылдағыдай мінәжатын мешітте емес өз үйлерінде жасады. Себебі әлемдік пандемияға байланысты барлық мешіттер жабық болды. Шымкентте қадір түні қалай өтті? Бұл туралы «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі К.Дүйсенбінің материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz хабарлайды.

Қадір түнінде түнгі қала тып-тыныш. Мұнарасы алыстан жарқырап тұратын мешіттерде тыныштық. Десекте имамдар қасиетті түнде алла үйінен табылды. Жамағатты  онлайын арқылы  құттықтап көпшілікке уағыз айтты. Түнгі сағат үшке дейін дін өкілдері кезек-кезек тікелей байланысқы шығып ағайынды рухани азыққа тойдырды.

Қадір түнінде есік терезені ашып қойып кірпік ілмей отыру шарт емес. Ең бастысы әрбір мұсылман  ғұсыл алып, Құран бетін парақтап, жақсы тілекпен ниет білдіру керек. Осылай деген  Мемлекет және қоғам қайраткері Шалатай Мырзахметов қадір түнінде өз ойымен бөлісті. Әңгіме арасында  жас күнінде ақ Құдайдың құдыреттілігіне өзі  куә болғандығын жеткізді. Ел ағасы екі сөзінің бірінде ел амандығын жұрт тыныштығын тілеп отырды.

Ежелгі заманнан бері бұл кезең барлық мұсылмандар үшін ең маңызды болып саналады. Бұл қасиетті Қадір түні Рамазан айының соңғы 10 күніне, яғни 27-ші күнге түседі. Егер Құранның әр оқылған беті үшін басқа уақытта бір сауап және Рамазан айында оннан мыңға дейін сауап берілсе, Ләйләт-ул Қадір түнінде – 30 мың сауапқа дейін беріледі.

 

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*