Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Төтенше » ЖЕЛДІҢ САЛДАРЫ ЖОЙЫЛДЫ

ЖЕЛДІҢ САЛДАРЫ ЖОЙЫЛДЫ

Шымкент қаласында 2020 жылғы 8-9 мамыр аралығында ауарайының өзгеруіне байланысты дауылды алдын ала ескерту жарияланған. Дауылды ескерту бойынша 2020 жылғы 8 мамырда кешкі сағат 20.00-ден бастап Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің шұғыл кезекшілеріне хабарламалар түсе бастады.

Осы ретте қаладағы Әл-Фараби алаңы жанында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде профнастилден жасалған шатыры ұшып, жедел жәрдем автокөлігін басып қалғаны туралы хабарлама түсті. Ұшқан шатырдың көлемі 120 шаршы метр. Қаладағы Циалковский, М.Х.Дулати көшелері бойында орналасқан үйлердің шатырлары ұшып, олардың көлемі 42 шаршы метрді құрады. Ал, Водопьянов көшесінде орналасқан бір үйдің үстіне үлкен тал құлап, электр сымдары үзілген.

Барлық орын алған оқиғалар бойынша Шымкент қаласы ТЖ департаментінің өрт сөндіру және құтқару бөлімшелері шығып, авариялық — қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. Бұл жұмыстарға жалпы жеке құрамында 20 адам, 6 техника жұмылдырылды. Жарақат алғандар мен қайтыс болғандар жоқ. Оқиға орнында энергетика қызметінің мамандары да тартылды.

Шымкент қалалық ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы

Пікір жазу