Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША ҰСЫНЫМДАР ҚАРАЛДЫ

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША ҰСЫНЫМДАР ҚАРАЛДЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті қалалық полиция департаментінің жеке құрамымен кездесу өткізді.
Онлайн шараға Департамент басшысы А.Жұмағали мен оның орынбасарлары Т.Серікбаев, Б.Ұзынжас және полиция департаментінің бастығы Е.Жұмаханбетов және жеке құрам қатысты.
Кездесу барысында полиция департаментінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу шеңберінде ҚР ҚПК 200-бабы тәртібінде бірқатар ұсынулар талқыланды.
Атап айтқанда, қала тұрғынынан әкімшілік құқықбұзушылық хаттамасын толтырмау үшін ақша талап етіп, 25 мың теңге пара алды деп күдіктелген полиция департаментінің патрульдік полиция полкінің полицейіне, сонымен қатар, қалалық полиция департаментінің Криминалды полиция басқармасының қызметкерлеріне қатысты арыз негізіндегі және жергілікті полиция қызметкерлері өкілінің арызданушының арызын дер кезінде тіркемегендігі туралы қылмыстық істер қаралды.


Іс-шарада қылмыстық істердің мән-жайы талқыланып, сыбайлас жемқорлық қылмыстарына жол беретін бірқатар себептер мен жағдайлар талқыланды.
Осы ретте алдағы уақытта полиция қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында алдын алу жұмыстарын тұрақты түрде жүргізу, ұжымда парасаттылық қағидаларын қалыптастыру мен қылмыстық іске қатысты қызметкерлер мен олардың тікелей басшыларының атқарып отырған лауазымынан босатуға дейін жауапкершілігін қарау ұсынылды.
Айта кетейік, қазіргі таңға дейін Полиция департаментіне қылмыстық құқықбұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнінде 19 ұсыныс жолданып, 22 полиция қызметкері жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде, 3 қызметкер «қатаң ескерту» алса, 8 қызметкер атқарып отырған лауазымынан, 2 қызметкер жұмыстан шығарылған.

© Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің
Шымкент қаласы бойынша департаменті

Пікір жазу