Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » КАРАНТИН КЕЗІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ

КАРАНТИН КЕЗІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ

Бүгін «ANTIKOR.LIVE» жобасы аясында тікелей эфирде  Шымкент қаласы Мемлекеттік сатып алу басқармасының бөлім басшысы Сариев Бахыт онлайн сұхбат берді. Сұхбат барысында төтенше жағдайдағы мемлекеттік сатып алу мәселелері жайында сөз қозғалды. Мемлекеттік сатып алу 3 тәсілмен жүзеге асырылады. Бір көзден алу тәсілі, одан әрі қарай конкурс тәсілі, кейінгі ұсынысын сұрату арқылы жүзеге асырылады. Арнайы тәртіптің негізгі ерекшелігі әлеуметтік өндірушілерге арнайы жеңілдіктер көрсетілген. Ашық конкурс уақытында алдыңғы 20 күнді құраса, арнайы кезеңде 5 жұмыс күнге қысқартылған.

Мемлекеттік сатып алу барысында 5 күн ішінде тексерістен өтіп, жеңімпазды анықтайтыны  туралы айта кетті. Ұсынысын сұрату арқылы тек қана Отан өнім берушілер арасында ойнатылады. Одан кейінгі тәртіп арнайы құрылған комиссиямен бекітілген товарларды бір көзден алу тәсілі енгізілгенін сөз қылды. Нақтырақ айтқанда, бұл пандемияға байланысты сатып алынатын товарлар. Оның ішінде айта кетсек; медициналық маскалар, дезинфекцияға арналған химиялық заттар. Осының барлығы ешқандай конкурс өткізбестен тікелей келісім-шартқа тұру арқылы алынатыны жөнінде ақпарат беріп өтті. Осы кезеңде жол картасы үлкен көмекке ие. Толығырақ айтқанда, жұмыссыз қалған халықты жұмыспен қамту мақсатында, конкурсты ұтып алған жағдайларда, халықты жұмыспен қамтамасыз ету керектігін түсіндірді.

© Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің
Шымкент қаласы бойынша департаменті

Пікір жазу