Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » 150 ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАР ЖҰМЫС ЖАСАУДА

150 ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАР ЖҰМЫС ЖАСАУДА

Бүгін «ANTIKOR.LIVE» жобасы аясында тікелей эфирде  Шымкент қалалық Әділет Департамент басшысының орынбасары Әліпбек Балжан Мәдиқызы онлайн сұхбат берді. Қазақстан Республикасының Президентінің 2020 жылдың 15 наурызындағы 285-ші заңына сәйкес, елімізде төтенше жағдай енгізу туралы Жарлығына оарй Шымкент қаласы Әділет Департаменті онлайн режимінде, яғни қашықтықта  халықпен жұмыс жасауда.  Төтенше жағдай кезінде туындаған барлық сұрақтар өз жауабын алып, электронды жүйеде азаматтардың өтініші бей-жай қалмағандығын атап өтті.

Әділет Департаментінің зияткерлік меншік құқықтарын тіркеу саласының бөлім басшысы  онлайн режимге шығып, халыққа зияткерлік меншік құқықтары бойынша түсіндірулер жүргізді. Шымкент қаласында қазіргі таңда 4 мемлекеттік және 150 жеке сот орындаушысы жұмыс атқарып жатыр. Олардың айырмашылығына жеке тоқтап, мемлекеттік мүлік тәркілеу, мемлекет пайдасына ірі мөлшердегі сұрамалармен айналысатындығын түсіндіріп өтті. Жеке сот орындаушы атқарушы саладан басқаның барлығымен айналысады. Жеке сот ақылы, яғни оған мемлекеттен жалақы берілмейді. Пайызбен есептегенде өндірілетін сомманың 3-20 %  аралығында алынатынын атап кетті.

© Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің
Шымкент қаласы бойынша департаменті

Пікір жазу