Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ЕШКІМ ДЕ, ЕШҚАШАН ДА ҰМЫТЫЛМАҚ ЕМЕС!

ЕШКІМ ДЕ, ЕШҚАШАН ДА ҰМЫТЫЛМАҚ ЕМЕС!

Жеңіс күні бәріміз үшін ерекше күн, қасиетті мереке. Бұл тек, сол соғыста жеңіске жеткенімізді атап өтетін күн ғана емес, ол сол соғыста Жеңісті жақындату үшін жан аямай шайқасып, қан майданынан оралмай, еліміздің берік қорғанындай болып қалған арыстарымызды еске алатын күн. Осы орайда Шымкент қаласындағы №4 өрт сөндіру бөлімінің ұжымы Ұлы Отан соғысының ардагері Жұман Абдуллаевтың үйіне барып, Жеңіс күнімен құттықтады. Ардагеріміз Отан үшін от кешкен жылдары туралы шер төгіп, өрт сөндірушілерге естеліктерімен бөлісті.

Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерей тойы құтты болсын! Отан үшін жан тапсырған қаһармандардың ерлік рухына бас иіп, көзі тірі ардагерлерге құрмет көрсетейік. Жеңіс жолында Отан үшін от кешіп, миллиондаған асыл азаматтар, азаматшалар мерт болған. Олардың ерлік істерін ешкім, ешқашанда ұмытпауға тиіс.

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару
жұмыстары қызметінің ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы

Пікір жазу