Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » САУДА ОРЫНДАРЫН ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

САУДА ОРЫНДАРЫН ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Карантин режимін бақылау, коронавирус инфекциясының таралу жолдарын тежеу мақсатында қаладағы барлық ауданда орналасқан  ірі сауда орындарын дезинфекциялау жұмыстарын қарқынды түрде жүргізуде.

Бүгін бұл жұмыстардың жалғасы ретінде Еңбекші ауданында орналасқан «Айна» базары залалсыздандырылды. Базардағы сауда орындарының иелері және сатушыларымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, санитарлық талаптардың қатаң сақталу қажеттілігі түсіндірілді. Індеттің қауіптілігі айтылды.

Айта кетейік, барлық ауданда жүргізіліп жатқан аталған санитарлық жұмыстар Шымкент қаласы бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 17 мамырдағы №17 қаулысына сәйкес жасалуда.

Қауіпті сейілтіп, індетті өршітпеу мақсатында қолданылатын шаралар, талап етілген ережелер бойынша түсіндірме жұмыстары қаланың өзге аудандарында да жалғасуда.

Жалпы, коронавирус індетінің алдын алу және кең таралып кетпеуі үшін мемлекет тарапынан барлық жағдайлар жан-жақты жасалуда. Талап етілген санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып, бірге болып, бұл қиыншылықты жеңіп шығамыз. Мұның барлығы өтпелі.

Карантиндік шараларды сақтау бағытындағы жұмыстар күнделікті жалғасады.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу