Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » АЛТЫН ҰЯЛАРЫМЕН ҚОШТАСТЫ

АЛТЫН ҰЯЛАРЫМЕН ҚОШТАСТЫ

ҚАДІРЛІ ҰСТАЗДАР! ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР, ОҚУШЫЛАР!

Соңғы үш жылда Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша Түркістан облысының мектеп түлектері еліміз бойынша ең жоғары көрсеткішке қол жеткізді.Түркістан облысы – түлектер саны ең көп аймақ. Биыл өңірімізде 24 658 бала алтын ұяларымен қоштасып, үлкен өмірге қадам басады. 1541 түлек «Алтын белгіге», 1240-і «Үздік аттестатқа» үміткер.

Өткен жылы ҰБТ нәтижесімен республикада ең жоғары 140 балды жинаған біздің облыстың түлегі болатын. Биыл осы беттеріңізден таймай, көпке үлгі көрсетесіздер деп сенемін. Бұл бағытта облыс ұстаздары оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беруде қажырлы еңбек етуде.

Баршаңызды бүгінгі соңғы қоңырау мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Еліміздегі карантинге байланысты биыл алғашқы рет соңғы қоңырау ерекше форматта, қашықтықтан өтуде. Бұған түсіністік танытуларыңыз керек. Болашақта Қазақстанның дамуына бүгінгі білімді ұрпақ, яғни, өздеріңіз үлес қосасыздар. Терең білім алу жолында жалықпай, талмай ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азамат болуларыңызға ізгі тілегімді арнаймын. Ұстаздарымыздың саналы ұрпақ тәрбиелеуде өздерін шыңдауына тілектеспін.

Оқу жылында білім саласындағы жетістіктеріміз де жетерлік. 24 ұстаз ҚР БжҒМ Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгісімен марапатталса, «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен 24 мұғалім марапатталды. 3 мұғалім БжҒМ «Жылдың үздік педагогі» номинациясы бойынша марапатталып, аталған 3 мұғалім 1 млн теңге сыйақы алды.

Жаңа оқу жылында сағынысқан жүректер – білімнің ошағында қайта түйіседі деп үміттенеміз. Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, еңбектеріңізге жеміс тілеймін!

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев

Пікір жазу