Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ЕСКЕРТІЛДІ

ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ЕСКЕРТІЛДІ

Жыл сайын шомылу маусымы кезінде қаншама адам суға кетіп, қайғылы жағдай орын алып жатады. Осындай оқиғалардың алдын алу мақсатында, Қаратау ауданы әкімдігі мен аудандық төтенше жағдай бөлімі және жергілікті полиция өкілдері бірлесіп шомылу маусымындағы қауіпсіздікті сақтау шаралары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Олар, Қайнарбұлақ тұрғын алабындағы көл маңында орналасқан тұрғын үйлерге арнайы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, үгіт-насихат қағаздарын таратты.

Айта кетейік, тек рұқсат етілген аймақтарға ғана шомылу керек. Әсіресе, жас балалар ата-ана қадағалауынсыз ағын суға шомылуға болмайды. Мамандар маусым кезінде ата-аналарды сақ болуға шақырады.

Осы орайда, мамандар аудан тұрғындары мен қонақтарын, суға шомылар алдында қауіпсіздік шараларын барынша сақтап, суға шомылу кезінде балаларды қараусыз қалдырмай, суға түсуге тыйым салған жерлерге шомылмауларын сұранады.

Қауіпсіздік шараларын барынша сақтап, оқыс оқиғаларды болдырмауды естен шығармағанымыз абзал. Сондықтан әрбір адам өзінің жеке басының қауіпсіздігін  сақтаулары қажет.

 

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу