Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ШӨКЕЕВ БАЯНДАМА ЖАСАДЫ

ШӨКЕЕВ БАЯНДАМА ЖАСАДЫ

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында көктемгі егіс жұмыстарын өткізу барысы қаралды. Селектор отырысында «Көктемгі егіс жұмыстарын өткізу барысы» туралы Түркістан облысының әкімі Ө.Е.Шөкеев баяндама жасады. 

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

Құрметті Үкімет мүшелері!

СЛАИД – 1.

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы мақсатында егістік жердің көлемі 857,2 мың га құрайды.

Ағымдағы жылы 31,6 мың га парға айдалса, ауыл шаруашылығы дақылдары 825,4 мың гектарға орналастырылады.

Егістікті әртараптандыруға сәйкес картоп, көкөніс, бақша дақылдарының егіс көлемі өткен жылмен алыстырғанда 3,2 мың га (2019 ж. – 118,8 мың га) артып, 122,0 мың гамал азықтықдақылдар 11,6 мың га (2019ж. – 201,1 мың га) артып213,0 мың га орналастырылса, масақты дақылдар өткен жылмен салыстырғанда — 4,8 мың га қысқартылып

(2019 ж. – 231,7 мың га), 226,9 мың гамақта дақылы 12,7 мың га қысқартылып, (2019 ж. – 131,1 мың га) 118,0 мың га орналастырылады. Майлы дақылдар көлемі өткен жылдың деңгейінде 91,4 мың га егіледі.

Бүгінгі күнге, жоспарланған егістіктің (825,4 мың га) 755,6 мың га егіліп, көктемгі дала жұмыстары 92,0% аяқталды.

СЛАИД – 2.

Егістік тұқыммен толық қамтамасыз етілді. Қажетті жанармай, минералды тыңайтқыш мерзіміне сәйкес босатылуда. Көктемгі дала жұмыстарына 4,5 млрд.тг. несие бөлініп, 1137 жоба мақұлданды.

Түркістан облысында ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін арттыру үшін жан-жақты зерттеп, талдап, нақты нәтиже беретін3 негізгі бағытта дамытуды бастадық.

СЛАИД – 3.

Бірінші бағыт агроқұрылымдарды ірілендіре отырып, заманауи озық технологияларды енгізу.

Бұл бағытта Түркістан қаласы аумағында азық-түлік белдеуін қалыптасыру аясында 1458,0 шаруа қожалықты кооперативтерге біріктіріп, техникамен қамтамасыз ету және 11,0 мың га жаңбырлатып суғару технологиясын енгізу жоспарланып отыр.

2019 жылы АҚШ-тың «T-L», «Valmont Industries» және «Lindsey» компанияларымен және отандық ғалымдармен тығыз жұмыс жасап, алғашқы нәтижесін көрдік.

СЛАИД – 4.

Тәжірибеде бұрын пайдаланылмай жатқан жарамсыз жердің өзінен жүгеріден 120 центнер, жоңышқадан 150 центнер, бидайдан 55 центнер өнім алып, облыстың орташа көрсеткішінен 2,5-3 есе артық өнім алуға қол жеткізілді.

Технология тиімділігі ағын суды 2 есеге үнемдеп, өнімділікті 3-4 есеге арттыруға мүмкіндік береді.

СЛАИД – 5.

Қазіргі таңда, 341,0 шаруа қожалық кооперативке біріктіріліп, техникамен қамтамасыз етілді, 886 га 21 бірлік жаңбырлатып суғару қондырғылары орнатылды. Жыл соңына дейін қосымша 18 бірлік жаңбырлатып суғару қондырғылары орнатылып, 2200 га жеткізілетін болады.

Маусым айының алғашқы он күндігінде, жаңбырлатып суғару арқылы егілген 300 га күздік бидай орылып, екінші өнімді егуге кіріседі.

Дайындалған жем шөп қоры:

— итальяндық технологиямен «1 200 басқа арналған тауарлы-сүт фермасын»;

— австралиялық технологиямен «10,0 мың басқа арналған ірі қара мал бордақылау алаңын»;

— «жылына 20 мың тонна құс етін өндіру» және «Ордабасы-құс» ЖШС-нің «Жылына 8 100 тонна күрке тауық етін өндіру» жобаларын азықпен қамтамасыз етуге бағытталады, агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігі 2,5 есеге артатын болады.

Бұдан бөлек, Арыс қаласында 4,4 мың га жаңбырлатып суғару қондырғысын енгізу үшін «Lindsey» компаниясымен келісім шарт түзілді.

Алынған өнім аммерикалық технологиямен салынатын «20,0 мың басқа арналған ірі қара мал бордақылау алаңын» жем-шөппен қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

Осыған орай, «Жаңбырлатып суғару технологиясының» тиімділігін ескере отырып, елімізде кеңінен ендіруді қажет деп санаймыз және арнайы салалық бағдарлама әзірлеуді ұсынамын.

СЛАИД – 6.

Екінші бағыт, кооперативтерге бірікпейтін 2-3 га жері бар агроқұрылымдар үшін бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу жобасын ендіру.

Аталған жоба 2019 жылы басталып, 3,0 млрд. теңгеге 107 жоба іске асып, 39,0 млрд. теңге болатын ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді. Қосымша 364 жұмыс орны ашылды.

Ағымдағы жылы 127 ауылдық округте 4,3 мың га 1587 жоба іске қосылды, алғашқы өнімін жинауды бастады.

Бұл жобаның тиімділігі 1,0 га алқаптан жылына 6-7 млн. теңгеге дейін табыс табуға мүмкіндік беріп отыр.

СЛАИД – 7.

Үшінші бағыт жеке қосалқы шаруашылықтардың ауласына тамшылатып суғару технологиясын ендіру арқылы ерте пісетін көкөніс, картоп, бақша өнімдерін өндіру.

Аталған технология әлемде ауыл шаруашылығы өнімін өндіруден, экспорттаудан үздік елдердің бірі – Израиль мемлекетінде кеңінен ендірілген.

Бұл жоба көп балалы аналарды, әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасыларды жұмыспен қамтуда, жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

10 соттық жерге тамшылатып суғару мен агротехникалық шығындарын қоса есептегенде 462,0 мың теңге шығын жұмсап, жалпы 850,0 мың теңге табыс табуға болады.

Жобаны «Еңбек» бағдарламасымен бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант (530,0 мың тг.) есебінен қаржыландыруға болады. Қазіргі таңда, облыста 20 отбасы өтінім тапсырып, 7 отбасы қаржыландырылды. Аталған отбасылар алғашқы қырыққабат өнімін жинап, екінші қияр өнімін егуге кірісті.

Аталған жобаның тиімділігі Израиль-Қазақстан сауда палатасы мамандарымен облыста кеңінен талқыланып, агроқұрлымдарға семинар өткізіліп, түсіндірілді. Қазіргі таңда қызығушылық артып отыр.

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы! Көктемгі дала жұмыстары мерзімінде аяқталады және аталған үш бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу