Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЗАҢСЫЗ ТАУАРЛАР ТӘРКІЛЕНДІ

ЗАҢСЫЗ ТАУАРЛАР ТӘРКІЛЕНДІ

Түркістан облысындағы кеден бекеттерінде 1 ай көлемінде 64 миллион теңгенің заңсыз тауары тәркіленген. Бұл жөнінде Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мәлімдейді.
Аталған жайт бойынша бүгінгі таңда «Экономикалық контрабанда» бабы бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалған. Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері алдымен «Сарыағаш» стансасында теміржол вагонынан жеңіл автокөліктерге арналған 954 дана шинаны анықтаған. Олардың жалпы құны 34 млн теңгеден астам соманы құрап, тауардың кедендік құжаттары болмай шыққан.
Кейін ведомство қызметкерлері 30 млн. теңгенің тауарын алып өту әрекетінің жолын кесті. Қытайдан келген вагонда департамент қызметкерлерімен теміржол вагондарының бірінен 12,5 тонна декларацияланбаған халықтық тұтыну тауарлары табылған. Ол кәсіпкерлер кедендік шекара арқылы құжаттарын рәсімдемей, жүк автокөліктеріне арналған 40 шина, 220 дана электронды сорғы, 40 резеңке камера, тігін машиналарына арналған 36 дана электронды моторларды заңсыз алып өтпек болған. Сондай-ақ жүктің арасында 10 975 дана жарықтандырғыш құрылғы және 47 400 дана тоқыма бұйымдар болған.
Барлық деректер бойынша жиналған материалдар қылмыстық іс қозғау үшін Түркістан облысының Экономикалық тергеу департаментіне өткізілген.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу