Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ТОЛЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕХНИКАМЕН ЖАБДЫҚТАЛАДЫ

ТОЛЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕХНИКАМЕН ЖАБДЫҚТАЛАДЫ

Бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездескен Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деп мәлімдеді.

Биыл жұмыспен қамту жол картасының аясында биылдың өзінде жиырма төрт жаңа денсаулық сақтау нысаны пайдалануға беріледі. 2025 жылға қарай мемлекеттік бағдарлама бойынша жиырма ірі клиника салынады. Құрылыс мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде жүзеге асырылады.

Осындай жағымды жаңалықтары мен бөліскен Президент, әлеуметтік саладағы түйіткілді мәселелердің барлығында тізбектеп, олардың шешу жолдарын атап көрсетті.

Мен өз басым, Президенттіміздің мәлімдемесін есітіп марқайып, еңбекке деген ынтам оянды. Бүгінгі мемлекет басшысының көтерген бастамалары бойыма күш-қуат беріп, өмірге деген құштарлығымды оятты. Олай болса, тек іске сәт!-дегім келеді.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысы өтіп, білім беру саласындағы реформаларға тоқталды. Ұлттық қоғамдық кеңестің үшінші отырысы адами капиталды дамыту мәселесіне арналды. Бұл — білім беру, ғылым, денсаулық сақтау саласы.

©Сейдехан Әлібек,

Тарих ғылымдарының докторы, профессор

Пікір жазу