Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » «ДИПЛОММЕН – АУЫЛҒА» БАҒДАРЛАМАСЫН ҚОЛДАЙМЫН!

«ДИПЛОММЕН – АУЫЛҒА» БАҒДАРЛАМАСЫН ҚОЛДАЙМЫН!

Мен Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында айтылған «Дипломмен ауылға» бағдарламасын қолдаймын. Бұл жоба ауылдық елді мекендерге мамандарды бекіту мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, халыққа ұсынылатын әлеуметтік қызметті жақсартып, ауыл және қала халқының өмір сүру сапасындағы алашақтықты азайтуға жол ашпақ.

Ауылдағы жас жеткіншектердің білім сапасы төмендемеуі үшін, науқас жандардың көбейіп, ана мен бала өлімін алдын алу үшін, ауыл келбеті жұтаң күйден арылту үшін «Дипломмен — ауылға» жобасы жандану керек.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасына қатты көңіл бөлініп, қаржыландыра түссе, бұл жас мамандардың ауыл мектептеріне деген қызығушылығын арттыра түсері сөзсіз!

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысы өтіп, білім беру саласындағы реформаларға тоқталды. Ұлттық қоғамдық кеңестің үшінші отырысы адами капиталды дамыту мәселесіне арналды. Бұл — білім беру, ғылым, денсаулық сақтау саласы.

©Азиза Мергенбаева,
Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент

 

Пікір жазу