Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ҰСТАЗ БЕДЕЛІ – БІЛІМ-БІЛІКТІЛІГІНДЕ

ҰСТАЗ БЕДЕЛІ – БІЛІМ-БІЛІКТІЛІГІНДЕ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бүгінгі отырысындағы айтқан сөздерін мұқият оқып шықтым. Ел Президенті әуелі қазірге дейінгі атқарылған жұмыстарға тоқталып өтіп, болашаққа жасар нақты қадамды айшықтап берді.

Педагог ретінде білім беру мен ғылымды дамытуды және оқулыққа қатысты айтқан сөздері көңілімнен шығып, өскелең ұрпақ үшін төбем көкке жетті.
Білім саласында өркениетті елдердің көшінен қалмау үшін қазірге дейін реформалар жасалынып-ақ келді.

Мемлекет басшысының бүгінгі сөзінде бүкіл мемлекеттік саясатты соған сәйкес жүзеге асыратынын мәлімдеді. Сондай-ақ, 2025 жылға дейін білім саласына бөлінетін қаражат алты есе, ғылымға бөлінетін қаржы жеті есеге өсетіні адами капиталдың негізгі бағыттарындағы даму қарқынды болары сөзсіз.

«Дипломмен – ауылға» бағдарламасының қабылданғанына бірнеше жыл болғанына қарамай осы бағыт кенжелеп калғаны жасырын емес. Ауыл мектептерінде кадр жетіспеушілігінен бір мұғалім бірнеше пәннен сабақ беріп келгеніне күә болдық. Мемлекет басшысы аталған бағытқа да мән беруі ауыл жастарының сапалы біліммен қамтамтылуын көздейді.

Білім саласында бүгінде тағы бір өзекті мәселеге айналған – оқулықтардың олқылығы. Логикалық тұрғыдан қисыны келмейтін тапсырмалар мен техникалық қателіктер жалғыз оқушының емес ұстаздардың да жұмысын күрделендіріп отыр. Ел Президентінің заңнамалық түрде сол оқулықтарды жазатын адамдардың жауапкершілігін бекітуді тапсырып, нашар оқулық дайындаған адамға жауапкершілікті жүктеу керектігін де тілге тиек етті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ЖОО оқытушыларының еңбекақысын көтеру жолын атады.

«Дарынды жастардың шетелге кету мәселесіне ерекше назар аударған жөн. Мұның бірнеше себебі бар. Оның бірі – жоғары білім беру жүйесінің бәсекеге қабілетсіздігі. Әрине бұл қосымша инвестицияны талап етеді. Осыған орай біз білім гранттарының орташа құнын 340-420 мың теңгеден 1 миллион теңгеге дейін көбейту туралы шешім қабылдадық. Яғни, грант құны үш есе артады. Сол арқылы оқытушылардың жалақысын кезең-кезеңмен арттырып, университеттердің материалдық базасын нығайтуға болады. Бұл – маңызды қадам. Өйткені грант құны 2011 жылдан бері өскен жоқ», — деді Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.

Президент еліміздегі 5 ЖОО әлемнің үздік 500 университетінің қатарына қосылуы керектігін айтып өтті. Бұл межеге 2025 жылға дейін жету көзделіп отыр.

Мемлекет басшысының бүгінгі жиындағы мәлімдемелері білім саласына серпін беріп, әр ұстазды жаңа бағытта шабыттандырды деп ойлаймын.

©Марфуға КҮНТАЕВА,
№65 мектеп-гимназиясының қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі

Пікір жазу