Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ТАУҒА ШЫҚҚАНДА САҚ БОЛЫҢЫЗ

ТАУҒА ШЫҚҚАНДА САҚ БОЛЫҢЫЗ

2017 жылғы 14 тамызда сағат 13:31-де Төлеби ауданы, Сайрам-су тауларында «Кіргелі» шатқалында 1985 және 1986 жылы туылған азаматтар 12 тамызда тауға шығып, қайта оралмағандығы және байланысқа шықпағандығы туралы хабар келіп түскен.

Сағат 14:25-те хабарды алысымен, жедел-құтқару жасақтың жеке құрамында 5 адам және 1 техникасы көрсетілген мекенжай бойынша шығып кетті. Оқиға орнына сағат 16:27-де жетіп келіп, шұғыл түрде іздестіру жұмыстарына кірісті. Тек қана кешкі сағат 18:07-де іздестіру-құтқару жұмыстардың барысында «Кіргелі» шатқалынан 3 км ары жоғалған ер азаматтар табылды. Құтқарылғандардың жалпы жағдайы тұрақты еді, медициналық жәрдем мұқтаж болған жоқ.

ОҚО ТЖД жедел-құтқару жасағы қала тұрғындарынан және Оңтүстік Қазақстан облысының туристтерінен сұранатыны:

— тауға шыққан кезде өз маршруттарыңызды мұқият жоспарлап, тіркеліңіз;

— кез келген өзіндік туристтік топқа тіркелуі міндеттілігін ескертіп, техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықты жедел-құтқару жасақтан алыңыз.

Құтқарушылар болжамды маршруттар ауданда потенциалды қауіп-қатер туралы қажетті және шынайы ақпаратты жеткізіп, қауіпсіз өту жөнінде, маршруттағы жеке және топтық қауіпсіздік қағидаларын түсіндіріп өтеді. Өз маршруттарыңызды мына мекенжай бойынша Шымкент қаласы, Алдияров көшесі, 34-а, 53-63-09 телефон арқылы тіркеуге болады.

Өз тілшімізден

Пікір жазу