Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » 2000 ЖАС ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

2000 ЖАС ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Шымкентте биыл «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында 2000 жасты жұмыспен қамту жоспарланып отыр.

Бағдарламаға қатысамын деушілерден өтініштер карантин кезінде онлайн қабылданған еді. Қазір «Жұмыспен қамту» орталығына өткізуге болады.

Бағдарламаға қатысу үшін, 30 жасқа толмаған, жоғары білімді болуы керек. Сонымен қатар, тәжірибеден өту барысында іскерлігін дәлелдесе, жұмысын тұрақты түрде жалғастыруына мүмкіндік бар.

Мамандардың айтуынша, қаламызда медицина қызметкерлері мен тәрбиеші, заңгер, құрылыс сынды маман иелеріне сұраныс басым.

Сонымен қатар, бүгінде Шымкент қаласында жол, тұрғын үй салаларында құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде. Осы мақсатта, осы саладағы мекемелерге бетоншы, дәнекерлеуші, сылақшы, ағаш ұстасы секілді т.б. мамандарға сұраныс жоғары.

Атап айтсақ, қазіргі таңда өзекті әрі белсенді сұрақтар: атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, мүгедектер мен ардагерлер, басқа да жеке санаттағы азаматтарға арналған әлеуметтік қызметтер мен көмектер туралы толық мағлұмат ала алады. Сондай-ақ мамандардың кеңестері беріледі. CALL- орталық дүйсенбі-жұма күндері : сағат 9.00-19.00-ге дейін жұмыс істейді.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу