Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАЙДЫ

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАЙДЫ

Бүгін Шымкент қаласы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы азаматтарды түрлі мәселелері бойынша онлайн қабылдау ұйымдастырды.

Алдын-ала әлеуметтік желілер арқылы жарияланған хабарландырулар арқылы 30-дан астам қала және шет аймақ тұрғындары тіркелген. Олар мәселелері мен байланыс номерлерін көрсетілген номерге жолдау тәсілімен тіркелген.

Бұл туралы басқарма басшысы Береке Дүйсебеков:
– Карантин әсерінен кейбір үрдістер өзгеріске ұшырап, тұрғындарда сауалдар көптеп туындауда. Маған жекеге көптеген қоңыраулар мен хабарландырулар келеді. Ол тек таныстарымнан. Дәл сондай сауалдар мен мәселелер өзге тұрғындарда да бары анық. Сол себепті бүгін басқарма басшысы ретінде тіркелген барлық азаматтарға видео қоңырау шалу арқылы баланысқа шығып, мәселелерін тыңдадым. Мәселелерін құзіретіміз жеткенінше шешіп, кәсіпкерлікке қатысты мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндігін кеңінен түсіндірдім. Ең көп туындаған сауалдар – карантин режиміндегі кәсібі тоқтап тұрған нысандар мен дағдарысқа ұшыраған кәсіпорныдарға берілетін мемлекеттік көмектер, 1 пайызбен берілетін кредиттер мен кәсібін ашқысы келетін жастарға берілетін гранттар және қала аралық блок-посттардан өту мәселесі турасында болды», – деп, онлайн қабылдау жүйесі алдағы уақытта да жалғасын табатынын, бұл әдіс қабылдауға жазылушылар үшін әрі тиімді, әрі қолжетімді екенін атап өтті.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу