Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҚОҚЫСТЫҢ ӨЗІН КӘДЕГЕ ЖАРАТЫП ОТЫР

ҚОҚЫСТЫҢ ӨЗІН КӘДЕГЕ ЖАРАТЫП ОТЫР

Бүгінде Шардара ауданында тұрғын үйлерден шыққан қатты тұрмыстық қалдықтар да кәдеге асырылып жатыр. Бұл мақсатта қала әкімдігінің ұйымдастыруымен қаладағы 10 көпқабатты үйдің ауласына арнайы жәшіктер орнатылған. Аталмыш контейнерлерге тұрғын үйлерден шыққан кез-келген полиэтилен, шыны, пластмасса мен тұрмыстық қатты қалдықтар бөлініп тасталады. Ал, қалдықтардың арнайы контейнерлерге тасталуын қадағалау жұмыстарына көпқабатты үйлердің коменданттары тартылып, арнайы жалақы да тағайындалған.

Санатына қарай тасталған қалдықтарды «ЖАСА-3» ЖШС келісім-шарт негізінде салмағына қарай сатып алады да Сайрам ауданындағы тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу цехтарына жібереді. Қысты күндері тұрғын үйлерден шыққан қатты отынның күлдерінен құрылысқа қажетті шлакоблок жасап келген «ЖАСА-3» ЖШС мекемесінің қалдықтарды жинауға 5 көлігі мен 18 қызметкері жұмылдырылып отыр.

Сонымен қатар, Шардара қаласының тазалығын сақтауға аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы «Еңбек» бағдарламасы аясында 100 азамат тартылып, 4 ай мерзімге келісім-шарт жасалған. Өткен аптада 4 көшенің шөбі оталып, 250 тоннаға жуық қоқыс шығарылған.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу