Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ОН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

ОН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Мақтаарал ауданындағы топан су шайған Фердауси ауылында алғашқы 10 үйдің іргетасы қаланды. Жалпы бұл ауылда 150 үй бұзылып, 80 баспананың іргетасын қалауға дайындық жүргізілуде. Бұл жұмыстарға 470 жұмысшы атсалысқан.
Бүгінде Фердауси ауылындағы 141 отбасының әрқайсысына үкімет резервінен бөлінетін 17 млн теңгенің 50 пайызы яғни әр жанұяға 8,5 млн теңгесі аударылған. Қазір тұрғындар осы қаржыға үй салуға қажетті құрылыс заттарын сатып алып жатыр. Үйінің іргетасын қалағандардың қатарында Музафар Шарапов та бар.
«Үйімнің іргетасын көтеріп қойдым. Ақшамыз қолымызға тие сала құрылыс заттарын сатып алдым. Үкіметімізге, облыс, аудан басшыларына, бізге жауапты боп бекітілген Келес ауданының әкімдігіне алғысымыз шексіз», — дейді Музафар Шарапов.
Бүдан бөлек, мұнда үй аулаларын үйінділерден, күл-қоқыстардан тазарту, үй салынатын орындарды тазалау жұмыстарына өзбекстандық 100 адам мен 10-ға жуық арнайы техникасы, Келес ауданынан 30 адам, 6 техника жұмылдырылған. Бүгінге дейін ауылдағы 12 көшеден 180 тонна күл-қоқыс шығарылыпты.


Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікір жазу